Сенбі, 15 маусым, 04:18

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қызылордалық аманаттықтар «Таза бейсенбі» экологиялық акциясына үлес қосты

07.06.2024

218

0

Қызылордалық аманаттықтар «Таза бейсенбі» экологиялық акциясына үлес қосты

Президенттің «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында «AMANAT» партиясы «Таза бейсенбі» акциясын бастаған болатын. Республика көлемінде тазалықты сақтауға үндеген акцияға сырбойылық аманаттықтар да үлес қосып, қала орталығындағы азаматтардың демалыс орны, Б.Шөкенов атындағы саябаққа тазалық жұмыстарын жүргізді.

Партияның облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова «AMANAT» партиясының Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасына қолдау білдіріп,  бірнеше бағыт бойынша жұмыс жүргізіп келе жатқандығын жеткізді. «Таза бейсенбі» акциясының мақсаты азаматтарды мәдениет пен қоршағаны ортаны таза ұстауға үндейтіндігін атап өтіп,  бұл бағытта «Өңірде қолайлы экологиялық жағдайды сақтауға бағытталған ірі жобаларды іске асыру жоспарланғандығын, сонымен бірге өңір тұрғындарының экологиялық мәдениетін арттыру, қоршаған ортаны таза ұстауды күнделікті өмір салтына айналдыру және ресурстарды үнемді пайдалану мәдениетін дамыту шараларына қоғам болып жұмылу қажеттігін атап өтті.

Жалпы Сыр өңірінде Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» акциясы «Таза Қазақстан – таза аймақ» атауымен өте белсенді жүргізілуде. Партияның «Таза бейсенбі» акциясын да партияның фракция мүшелері, бастауыш ұйымдары мен «Жастар рухы» Жастар қанаты өкілдері қала, аудан, ауыл маңындағы қоқыстарды тазартуға көмек көрсетті.

«Таза бейсенбі» акциясы енді әр апта сайын жалғасатын болады.

93fe27f6-3887-4f96-bab7-96f2d539e3b2.jpg
df1e73f3-7598-451d-92e1-0f22c906b9ad.jpg

Дереккөз: Kyzylorda-news.kz

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика