Жұма, 11 қазан, 17:05

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қызылордада жол ережесін бұзған құқық бұзушы жауапқа тартылды

07.09.2022

321

0

Қызылорда облысында жол ережесін бұзған құқық бұзушы жауапқа тартылды. Қала орталығындағы мейрамханалардың алдында жол қозғалысы ережесін бұзған жүргізуші ұсталды.

Ол Land Cruiser автокөлікті мемлекеттік белгісін тақпай бірнеше жол жүрісі қағидаларын бұзған. Құқық бұзушыға Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 590-бабы 2-бөлігімен (Мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлері жоқ немесе пайдалануға тыйым салынғаннан кейiн немесе белгiленген тәртiппен тiркелмеген көлiк құралын басқару) және 603-бабының 1-бөлігімен (Көлiк құралының алдыңғы бөлiгiне қызыл түстi жарығы бар жарық аспаптарын немесе қызыл түстi жарық қайтаратын бейімдеме құрылғыларды, сол сияқты түсi мен жұмыс режимi көлiк құралдарын пайдалануға жiберудiң талаптарына сәйкес келмейтiн жарық аспаптарын орнату) әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жүргізушіге жасаған құқық бұзушылығы үшін он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салынып, қызыл түсті жарығы бар аспаптар мен құрылғылары тәркiлене отырып, он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл төлейтін болады.

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика