Жұма, 23 қыркүйек, 18:28

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қызылордада жазғы мезгілде құқтарушылар 8 адамды ажалдан арашалап қалған

10.08.2022

97

0

Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасы аясында облыс әкімінің орынбасары Мархабат Жайымбетовтың төрағалығымен Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі облыстық комиссияның кезектен тыс отырысы өткізілді.

Жиынға комиссия мүшелері, облыстық басқармалар мен департамент басшылары қатысты.
Күн тәртібінде 3 өзекті мәселе талқыланды.

Алғашқысы – жазғы кезеңде облыстың су айдындарындағы қауіпсіздік шаралары туралы болды. Суға түсу маусымы басталуы жақындаған уақыттан қауіпсіздік шаралары күшейтілсе де, биыл су айдындарында 35 жағдай тіркеліп, 27 адам қаза болған, ал құқтарушылар тобы 8 адамды ажалдан арашалап қалды.

Өкінішке қарай, жыл сайын қауіпсіздік ережелерін сақтамау және белгіленбеген аймақта шомылу салдарынан қайғылы оқиғаға әкеледі. Бұл ретте Мархабат Жайымбетов қала, аудан әкімдеріне өз аумақтарында жағажайлар ашып, олардың демалыс орындарының талаптарына сай болуын қарастыру жөнінде тапсырма берді.

Отырыста қаралған тағы бір мәселе – облыс аумағында орналасқан су шаруашылығы нысандары мен гидротехникалық құрылыстардың техникалық жағдайына жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесі туралы.

Бұл бағытта облыс әкімінің орынбасары «Ақлақ» су торабына жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін республикалық бюджеттен қаржы бөлінуі бойынша тиісті жұмыстарды атқаруды жүктеді.

Өткен жылы облыс көлемінде жыл басынан бері 249 өрт оқиғасы орын алған. Олардың басым көпшілігі электр сымдарының қысқаша тұйықталуынан болса, келесі бірі газ-баллондарын дұрыс пайдаланбау салдарынан туындап отыр.

Комиссия отырысында алдағы жылыту маусымы кезеңіндегі өрт қауіпсіздігі туралы мәселе де назардан тыс қалмады. Аталған проблеманы тұрмыстық баллондар мен газбен жабдықтау жүйесінің объектілерін қауіпсіз пайдалануын сақтау жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: