Жұма, 23 қыркүйек, 16:28

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қызылордада жазасын өтеушілер күніне 500 пескоблок шығарады

20.09.2022

18

0

Қызылорда қаласындағы түзеу мекемелеріндегі жазасын өтеушілер ақылы еңбекпен қамтылған. Олардың бірі газоблок, кірпіш, құм блоктарын шығарумен, қолөнер бұйымдарын жасаумен айналысса, бірі  машина жөндейді, нан пісіреді, енді бірі тігін цехында жұмыс істейді. Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №37 мекемесіндегі жазасын өтеушілер қала аумағындағы 30-дан аса кәсіпкерде жұмыс істейді. Жұмыс орындарына  барып, жұмыс барысын сұрап білдік.

Мақсат есімді сотталған  ҚР ҚК-нің  335 бабының 4-бөлігімен (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу) сот үкімімен 6 жылға бас бостандығынан айырылған.  ҚАЖ департаментіне қарасты №37 мекемеге осы жылдың сәуір айында  жазасын өтеуге жіберіліпті. Мақсаттың айтуынша мекеме әкімшілігі «Еңбек-Қызылорда» РММ-ге жұмысқа орналастырып, жақында еңбек демалысын алып Түркістанға отбасына барып келген.

Мақсатпен бірге тағы жеті сотталған пескоблок өнімін шығарумен айналысады. Мұнда пескоблокпен қатар, тумба, суағалар, плиталар дайындайды.  Жұмыс барысында біреудің біреуге қарауға уақыты жоқ. Бірі су тасып, бірі қоспаны араластырып, енді бірі құйманы қалыпқа құйып жатыр екен. Олар күніне  500 дана өнім шығарады.

«Пескоблок шығаруда да төзімділік пен табандылық керек дейді ол. Оның айтуынша  пескоблок  өнімін шығаруға көп шикізат та қажет емес екен. Пескоблок – цемент, құм және карьер қиыршық тасын араластырып жасалынатын құрылыс материалы. Ол от пен суға төзімді, Тұрғындар арасында кең қолданысқа ие бұл өнім жылуды жақсы ұстап тұрады және берік, мұны көпшілік тұрғын үйге пайдалануда.Сұраныс та жоғары мерзімінде үлгеріп жасап жатырмыз»,-деді жазасын өтеуші.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: