Жұма, 04 қазан, 16:04

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қызылордада заңсыз қару-жарақты сатып алу акциясы өтіп жатыр

11.04.2023

211

0

Қызылорда облысында заңсыз сақталған қару-жарақтар мен оқ-дәрілерді өтемді түрде сатып алу акциясы өткізілуде. Бұл туралы Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Биылғы жылдың 10 сәуірінен бастап  республика көлемінде ҚР Ішкі істер министрлігінің бастамасымен қару сатып алу бойынша кезекті акция өткізіліп жатыр. 

Акцияның негізгі мақсаты – аймақтағы азаматтарда заңсыз сақталған қару-жарақтар мен оқ-дәрілерді өтемді түрде, яғни ақысына қабылдау болып табылады.

Департаменттің хабарлауынша, қаруды өз еркімен тапсырған облыс тұрғындары қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады. Алынған қарудың түріне және техникалық жай-күйіне байланысты  сыйақы тағайындалады.     
ҚР Ішкі істер министрлігінің бұйрығына сәйкес бір айлық есептік көрсеткіштің 10-нан 100-ге дейінгі мөлшерінде сыйақы тағайындалады.   

«Құрметті облыс тұрғындары! Тіркеуде жоқ заңсыз сақтаудағы қаруларды, жарылғыш заттарды полиция бөлімдеріне өткізіп, қарумен жасалатын қылмыстардың және төтенше оқиғалардың алдын алуда өз үлестеріңізді қосуға шақырамыз», делінген ақпаратта. 

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика