Жексенбі, 26 шiлде, 10:07

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Жалағашта инвестициялық жобалар қарқын алды

24.07.2026

23

0

753729739 1842384566736229 4652547207178280508 n
Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Жалағаш ауданында 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері оң нәтижемен қорытындыланды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында аудан әкімі Ардақ Ибраимов мәлімдеді.

Жыл басынан бері аудан экономикасының негізгі бағыттарында тұрақты өсім қалыптасты. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 110,7 пайызға, өңдеу өнеркәсібі 100,1 пайызға, инвестициялар көлемі 113,2 пайызға жетті. Сонымен қатар бөлшек сауда, ауыл шаруашылығы, құрылыс және тұрғын үй пайдалануға беру көрсеткіштері де жоспардан жоғары орындалған.

753702683 1027742733498753 7770624439294044478 n 1

«Бірінші жартыжылдықта аудан бюджеті нақтыланып, толық көлемде игерілді. Бұл инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобаларды уақытылы жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Кәсіпкерлікті қолдау бағытындағы жұмыстар да жалғасуда. Бүгінде ауданда 2541 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркелсе, оның 2471-і тұрақты жұмыс істеп тұр. Қаржы институттары арқылы кәсіпкерлердің 56 жобасы қаржыландырылды. Ауыл тұрғындарының табысын арттыруға бағытталған «Ауыл аманаты» жобасы аясында биыл 37 жоба қаржыландырылып, 39 жаңа жұмыс орны ашылды», — деді аудан әкімі.

Өңірдегі ең ауқымды жобалардың бірі швейцариялық «Харвест Агро Холдинг» компаниясының техникалық қарасора, жүгері және мақсары өсіру әрі қайта өңдеу жобасы. Жалпы құны 68 млрд теңгені құрайтын өндіріс іске қосылғанда жыл сайын ондаған мың тонна ауыл шаруашылығы өнімі өндіріліп, өңделетін болады. Биылдың өзінде компания 26,3 млрд теңге инвестиция салып, 7 мың гектар алқапқа егіс орналастырып, 142 жаңбырлатып суару қондырғысын іске қосқан. Қазіргі таңда жоба аясында 100 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Бұдан бөлек, ауданда жалпы құны 70 млрд теңгені құрайтын алты инвестициялық жоба жоспарланып, оның бесеуі іске асырылды. Нәтижесінде 120 жаңа жұмыс орны құрылды.

«Мемлекет басшысы мен Үкіметтің, облыс әкімдігінің қолдауының арқасында аудан экономикасында тұрақты өсім қалыптасты. Инвестициялық жобалар өндірісті әртараптандыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік беріп отыр. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады», – деді аудан әкімі Ардақ Ибраимов.

754960922 866477942923303 4721217372087621769 n
752936847 1765172304827559 6019391191947398462 n
752242645 4392800927646690 446980956246445566 n
752169317 3318030445065943 3535760830313253335 n
752538899 2394344964425182 8913809232261756112 n

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика