Жексенбі, 26 шiлде, 10:06

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Жалағаш білім сапасы бойынша көш бастады

24.07.2026

24

0

753702683 1027742733498753 7770624439294044478 n
Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Жалағаш ауданында білім беру саласында өткен оқу жылы табысты аяқталды. Бұл жөнінде аудан әкімі Ардақ Ибраимов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.

2025-2026 оқу жылында аудан мектептерін 6885 оқушы аяқтады. Оның ішінде 470 түлек мектеп бітірып, үлкен өмірге жолдама алды. Биыл 19 оқушы «Алтын белгі» иегері атанса, 43 түлек үздік аттестатқа ие болды.

751295041 1562841518619886 4868516377021384819 n

«Аудан үшін ең үлкен жетістіктің бірі Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысында Жалағаш ауданының бірінші орынға шығуы болды. Сонымен қатар Еңбек ауылындағы №232 М.Байділдаев атындағы орта мектептің түлегі Альфия Балхан ҰБТ-дан ең жоғары 140 балл жинап, аудан мерейін үстем етті. Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары да қарқынды жүргізілуде. Бұл мақсатқа 145 млн теңге бөлініп, жеті мектепте ағымдағы жөндеу жұмыстары қолға алынған. Сондай-ақ бір балабақшаға газдандыру жұмыстары жүргізілуде. Білім сапасын арттыру ауданның басты басымдықтарының бірі. Алдағы уақытта да білім беру сапасын көтеруге бағытталған жұмыстар жалғаса береді», — деді аудан әкімі.

753241880 2072176006744531 5611262018979535533 n

Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында барлық білім беру ұйымдары толықтай бейнебақылау жүйесімен қамтылып, олар полиция бөлімінің жедел басқару орталығымен біріктірілген.

753702392 1565528564962938 2376003919858146857 n

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика