Дүйсенбі, 27 шiлде, 14:36

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Өңір журналистері жасанды интеллект мүмкіндіктерін меңгерді

27.07.2026

11

0

whatsapp image 2026 07 27 at 11.13.34
Фото: Университетінің медиа орталығы

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Kyzylorda Hub» бизнес-инкубаторының ұйымдастыруымен «AI Bootcamp – Журналистикадағы жасанды интеллект» атты семинар-тренинг өтті. 

Үш күндік семинар журналистердің цифрлық сауаттылығын арттырып, оны сапалы медиаконтент әзірлеу барысында тиімді қолдану дағдыларын қалыптастыруға бағытталды.

Семинарға өңірдің жетекші бұқаралық ақпарат құралдарында еңбек ететін 15 журналист қатысты. Оқу барысында қатысушылар жасанды интеллект көмегімен ақпаратты жылдам әрі тиімді іздеу, алынған мәліметтердің шынайылығын тексеру және оларды кәсіби қызметте пайдалану жолдарын меңгерді. Сонымен қатар, журналистика саласында нейрожелілердің мүмкіндіктерін тиімді қолдану тәсілдері түсіндіріліп, түрлі цифрлық платформалар арқылы мәтіндік және мультимедиалық контент әзірлеудің заманауи әдістері таныстырылды.

whatsapp image 2026 07 27 at 11.13.34 2

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы


Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика