Жұма, 11 қазан, 17:41

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қызылордада партия белсендісі 20 оқушыға көмек көрсетті

19.08.2022

417

0

«AMANAT» партиясының «Балаларды мектепке даярлайық!» акциясына партия белсенділері де үлес қосуда. Солардың бірі Таңат Байкенжеев. Кәсіпкер өз қаражаты есебінен бүгін әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы отбасылардан шыққан 20 балаға мектепке қажетті оқу құралдары толтырылған сөмкелерді сыйға тартты.

Партия белсендісі бұған дейінде партия бастамасына үнемі қолдау білдіріп келеді. Бұл жолы да акцияға үлес қосуды азаматтық парыз деп санапты.

Бір отбасындағы бірнеше баланы мектепке дайындау ата-анаға салмақ түсіретіні анық. Әлбетте, мұндай жағдайда әке-шеше барлық баласын бірдей жаңа оқу жылына сақадай-сай етіп даярлай алмайды. Сондай-ақ әлеуметтік көмекті қажет ететін аз қамтылған отбасы мен жетім, жартылай жетім жеткіншектер де бар. Оларға көп болып көмек көрсету игі іс, – дейді партия белсендісі Таңат Байкенжеев.

Партия белсендісінің сылығына ие болған бүлдіршіндерінің ата-аналары да балаша қуанып қалды. Мәселен, Жанат Аязбай өзінің мектеп жасындағы 3 баласы барын және олардың екеуі мүмкіндігі шектеулі екенін тілге тиек етіп, бауыр еті баласына жасалған қолдау үшін партия басшылығына, демеушілік жасап отырған партия белсендісіне аналық ризашылығын білдірді.

Атап өтейік, «AMANAT» партиясының дәстүрлі «Балаларды мектепке даярлайық!» акциясы «Бақытты отбасы» партиялық жоба аясында биыл 15 тамыз бен 25 тамыз аралығында республика бойынша жүргізілуде. Партияның облыстық филиалы акция аясында 1000-ға жуық оқушыны кеңсе заттары толыққан сөмкелермен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика