Сейсенбі, 23 сәуiр, 23:56

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қызылордада «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 6 көше жөндеуден өтеді

09.12.2022

175

0

 Қызылорда қаласының әкімі Асылбек Шаменовтың төрағалығымен аппарат мәжілісі өтті. Жиынның күн тәртібінде үш мәселе қаралды.

Алдымен қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Айдын Әнуар хабарлама жасап, салада атқарылған жұмыстар туралы баяндады.
​Биыл қаланың құрылыс саласында ауқымды жұмыстар атқарылды. Газ бен су желілерін тартуда, абаттандыру мен елді мекендерде қажетті құрылыстар, көпқабатты үйлер салуда республика бойынша алдыңғы қатардан көрінді. Бөлінген қаражаттарға жасалған жұмыстар қазірде аяқталу үстінде. Келер жылға да жоспарланған шараларға қатысты жобалар тиянақталды. Дегенмен, шаһар басшысы жауапты сала сапаға аса мән беріп, орындалу мерзімдерін қадағалап отыруы қажет деді.  

​Биыл қала тұрғындары жылуға ерте қосылды. Алайда, кейбір пәтер иелері жылу температурасының төмендігі жайында мәселе көтеріп, әлеуметтік желілерде жазбалар қалдырды. Осыған байланысты мамандар тексеру жүргізіп, жылудың бірқалыпты беріліп тұрғандығын анықтап, түсіндірме жүргізді. Қазір жылу беру маусымы тұрақты өтуде. Қала әкімі Асылбек Өмірбекұлы жылу беруден кемшіліктер болмауын, күнделікті бақылау жасауды тапсырды.

​Сондай-ақ, мәжілісте Қызылөзек ауылдық округінің әкімі Сәкен Әбдіжаппардың жыл басынан бері атқарған жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы баяндамасы тыңдалды. Ауылдық округте «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында бөлінген 3 млн. 620 мың теңгеге Айнакөл ауылының көшелеріне түнгі жарық бағаналары орнатылған. Бұдан бөлек, үнемделген қаражат есебінен 3,9 млн. теңгеге жарық бағаналары қойылып, жарықтандыру бойынша көтерілген мәселелер толық шешім тапқан.

​Алдағы уақытта «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 6 көшені орташа жөндеу, «Қожақ» автомобиль көпірін күрделі жөндеу, елді мекендерді газдандыру, электр желілерін қайта жаңғырту жұмыстарына жоба-сметалық құжаттарын әзірлеу секілді маңызды міндеттер тұр. Шаһар басшысы ауыл әкіміне тұрғындармен тығыз байланыста болып, талап-ұсыныстары бойынша жұмыс жүргізуді жүктеді.  
​Қала әкімі аппараттық мәжілістің қорытындысы бойынша жауапты сала басшыларына бірқатар тапсырмалар берді.

Тағы да оқыңыз: