Жұма, 26 сәуiр, 11:54

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қызылордада 3000 гектар жерге «Жасыл аймақ» құру жоспарланды

04.11.2022

258

0

«Қазақстан Республикасындағы ландшафтарды қалпына келтіру жөніндегі» Дүниежүзілік Банк Жаһандық экологиялық қоры — жобасы шеңберінде Қызылорда орман шаруашылығының мемлекеттік орман қорының 3 000 гектар алаңында «Жасыл аймақ» құру көзделген. 

Осы орайда, кеше ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шарушылығы және жануарлар дүниесі комитеті, Дүниежүзілік Банк өкілдері, Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Жансұлтанұлы мен «Қазгипроорманшар-КZ» ЖШС-нің мамандары белгіленген аймақтарды аралап, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. 

3000 га жерге Жасыл аймақ құру жобасы Қызылорда, Шиелі, Сырдария, Жалағаш орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелерінің күшімен жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда, аталған аймақтардың орман қоры жерлерінде топырақ дайындау және жер жырту жұмыстары жүргізілуде. 

Сондай-ақ, аталған 3000 га жерге 2023 жылдың көктем айында ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстары жүргізіледі деп жоспарлануда.

Тағы да оқыңыз: