Жұма, 19 сәуiр, 19:29

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қызылорда қаласының әкімі шет аймақ тұрғындарымен кездесті

31.03.2023

167

0

Қызылорда қаласының әкімі Асылбек Шаменов Титов, Гагарин, Әл-Фараби, Бәйтерек, Арай және Саяхат шағын аудандарының тұрғындарымен кездесті. Жүздесу барысында шаһар басшысы алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарға тоқталып, халық жолдаған сауалдарға жауап берді.

​Биыл қала аумағында абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Аяқ су жетпеген жерлердің арықтары аршылып, жер асты су ұңғымалары арқылы аяқ су жіберілуде.

​Тұрғындар жиі сынға алатын қоғамдық көлік мәселесі де оң шешімін тапты. Облыс әкімінің тікелей қолдауымен заманауи үлгідегі жаңа 150 дана автобус алынып, маршруттық бағыттарға қосылды. Алдағы күндері тағы 150 дана жаңа автобустар әкелінеді. Ол үшін облыстық бюджеттен 1 млрд 434 млн теңге бөлінді.

​«Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында қалада заманауи үлгідегі 8 мектеп салынады. Оның бесеуінің құрылысы биылғы жылы басталады.

​Тұрғындардың талаптарына сәйкес, «Бәйтерек» тұрғын ауданына «Қызылжарма» каналы арқылы өтетін автомобиль көпірінің құрылысын жүргізу үшін республикалық және облыстық бюджеттен 384,7 млн. теңге бөлініп, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. ​Бұдан бөлек, Ғ.Мұратбаев және Яссауи көшелерінің қиылысындағы темір жол арқылы өтетін жаяу жүргіншілерге арналған көпір құрылысына республикалық және облыстық бюджеттен 320,5 млн. теңге бөлініп, бүгінде көпірдің металл бөлшектері әзірленуде.​Қаланың басты көшелерінің бірі саналатын С.Бейбарыс көшесін қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізуге республикалық және облыстық бюджеттен 2 млрд. 349 млн. теңге бөлініп, оның қазірде 4,2 шақырымы жаңғыртылуда.

​Бюджеттің барлық түрлері мен мемлекеттік бағдарламалар арқылы жалпы құны 12 млрд. теңгеге қала мен оған қарасты кент және ауылдық округтердегі 238 көше жөнделеді. Жалпы биылғы жылы басымдық қаланың шет аймақтарындағы көшелерге берілді. ​Биылғы жылы жылу желілерін қайта жаңғыртуға 8 жоба әзірленді. Оған республикалық бюджеттен 8,2 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде Сұлтан Бейбарыс көшесінің бойындағы жылу құбырларын жер астымен жүргізуге  5,2 млрд теңгесі қаралды. Жұмыстар жақын күндері басталады. ​19 көшеге жаяу жүргіншілер жолын салу үшін облыстық бюджеттен 690 млн. теңге бөлінді.

​Жергілікті бюджеттен бөлінген 1 млрд. 791,4 млн. теңгеге  санитарлық тазалық және көркейту-көгалдандыру жұмыстары жүргізіледі. Қазіргі күні сквер-аллеяларға гүлдер мен газондар егу және арық жүйелерін тазалау, жасыл екпелерді суаруға арналған насостарды орнату жұмыстары басталды. ​Ең ірі жоба – «Бәйтерек» тұрғын ауданындағы тұрғын сектордың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымына былтырғы жылы республикалық бюджеттен бөлінген 1 млрд. теңгеге 7 дана ұңғыма, 3 дана резервуардың құрылысы аяқталу үстінде Резервуарлар сәуір айында іске қосылады. Бұл арқылы «Бәйтерек» және Шанхай, КБИ тұрғын аудандарында орналасқан жеке тұрғын үйлер тұрақты қысымды сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі.

​Кездесуде тұрғындар берілген уәденің, айтылған сөздің орындалып жатқанына ризашылықтарын білдіріп, қала әкіміне бірқатар ұсыныстарын жеткізді. Шаһар басшысы талап-тілек ескерусіз қалмайтындығын айтып, мәселелерге байланысты жауапты сала жетекшілеріне тапсырмалар жүктеді.

Тағы да оқыңыз: