Сейсенбі, 15 қазан, 05:43

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қызылорда облысының Полиция департаментіне 21 жаңа бейнетіркеу кешендері алынды

05.01.2023

268

0

Ішкі істер Министрінің тапсырмасына сәйкес Қызылорда облысы Полиция департаментіне 10 «Ekin Patrol G2» автокешені және 21 жылжымалы аппараттық-бағдарламалық «Vuewo» бейнетіркеу кешендері алынды.

Бұл кешендердің жай патрульден айырмашылығы үлкен. Мұнда 10 камера бар: оның тоғызы сыртқы, біреуі ішкі бейнені бақылайды. Аппараттың «көру мүмкіндігі» 360 градус. Бұл жүйе жолдағы заң бұзушылықтарды тіркеу үшін патрульдік полиция көліктеріне орнатылады. Оның көмегімен жылдамдықты асырғандар, борышкерлер мен бұрын жүргізу куәлігінен айырылғандарды анықтауға болады. 

Осы орайда Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Мұхтар Қожабаев өңіріміздегі жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қомақты үлес қосатын заманауи кешендерінің мүмкіндіктерін тексеріп көрді.

«2022 жыл көлемінде облыс аумағында 473 жол-көлік оқиғасы орын алып, 146 адам қаза тауып, 548 адам жарақат алды. Бұл өңіріміздегі көлік жүргізу мәдениеті әлі де төмен екенін білдіреді. Қабылданған шаралар жергілікті, облыстық, республикалық маңызы бар автожолдардағы ЖКО санын азайтуға септігін тигізетіні сөзсіз», – деді Мұхтар Қожабаев.

Аталмыш мобильді патрульдік технология 7 жолаққа дейін бақылауды қамтамасыз ете алады. Мәліметтер базасын басқару арқылы іздестіріліп, ұрланған көліктерді анықтайтын Ekin Patrol G2 күдікті көліктер анықталған жағдайда басқару орталығына дыбыстық және визуалды дабыл жібереді. Сондай-ақ ол тұлғаны тану мүмкіндігі арқылы құқықбұзушыларды анықтауға мүмкіндік береді. Кешен үлкен жол қозғалысы ағынында жүргізушілері әкімшілік жауапкершілікке тартудан жалтаратын көлік құралдарын анықтайды.

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика