Қазақстан Республикасы бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына қатысты тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізді.
Тергеп-тексеруге бірнеше нарық субъектілерінің келіп түскен арызына сәйкес сұйытылған мұнай газды 2023 жылдың қаңтар-мамыр айларында комиссия отырысында облыс көлемінде бөлу механизмі әділ бөлінбегендігі және әлеуметтік желілерге жарияланбайтындығы негіз болды.
«Тергеп-тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 194-бабында көзделген мемлекеттік органдардың бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) бойынша бұзушылық белгілерін анықтау мақсатында жүргізіліп, нәтижесінде ҚР бәсекелестікті қорғау саласындағы заңбұзушылық дерегі анықталды. Осыған орай, басқарманың лауазымды тұлғасына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама рәсімделіп, айыппұл салынды. Қазіргі таңда, айыппұл төленді. Сонымен қатар, басқармаға сұйытылған мұнай газ тауары өз өтінімдеріне сәйкес алмаған нарық субъектілеріне қажетті көлемдерін беру жұмыстарын қарастырып, қағидалар талаптарын сақтап немесе сауда қаблеттілігі ескеріліп және нарық субъектілеріне артықшылықтар көрсету жағдайлары орын алмауы туралы нұсқама жолданды», — деді Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті тергеп-тексерулер бөлімінің бас маманы Т.Жұмамұратов.
Басқарма тарапынан нұсқама белгіленген мерзімде орындалған.
Дереккөз: Kyzylorda-news.kz