Сәрсенбі, 01 мамыр, 09:53

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қызылорда облысының бас полицейі ардагерді 65 жас мерейтойымен құттықтады

12.01.2024

150

0

Фото: облыстық ПД

Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында аянбай тер төккен ардақты ардагерлерді әрдайым үлкен ілтипатпен атап, оларға құрмет көрсету қалыптасқан игі дәстүр.

Осы орайда бүгін Қызылорда облысы полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Махсудхан Аблазимов  өскелең ұрпаққа өнегелі ардагер отставкадағы полиция полковнигі Қызылорда облысы Полиция департаментінің Ардагерлер Кеңесінің төрағасы Тұңғышбай Серікбол Қуатбайұлын   65 жас мерейтойымен құттықтады.

«Сізді Қызылорда облысы Полиция департаментінің басшылығы, жеке құрамы және жеке өз атымнан 65 жасқа толу мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!

Сізді өмірден тоқығаны мол, кемел ойлы тұлға ретінде жақсы білеміз. Терең білім, берік ұстаным, іскерлік қабілет және үлкен азаматтық қасиеттер Сізді қатардағы құқықтанушыдан Сыр елінің белгілі де беделді заңгері, қоғам жанашыры деңгейіне көтерді.

Атыңызға затыңыз сай ұлағатты ұстаз ардагерсіз. Сіздің өрелі істеріңізді айтқанда ауыз толады, өйткені Сіздің өміріңіз нағыз майталман маманның, ардагер әкенің еліміздің абзал азаматының өнегесі. Отанымыздың өркендеуі және халқымыздың игілігі жолында әлі де талай мәнді істерді атқаратыныңызға кәміл сенімдіміз.

Бүгінгі мерейтойыңызда Сізге және отбасыңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, еңбекте тың табыстар мен өмірдің асқақ абыройын тілейміз. Шаңырағыңызда береке – бірлік, ырыс – ынтымақ бола берсін! Бақытыңыз баянды, сау –саламат жүргейсіз!» деп Махсудхан Нұғманұлы лебізін білдірді.

Департамент басшысы ардақты азаматтың көпжылдық еңбегіне лайықты сый-сияпат ретінде «Алғыс хат» табыстап, халқымыздың игі дәстүрі бойынша иығына шапан жапты.

Мерейлі мереке күні бедел мен құрметке ие болған Серікбол Қуатбайұлы Департамент бастығы мен барша қызметкерлерге шынайы ризашылығын білдіріп, алғысын жеткізді.

Айта кетейік, Серікбол Қуатбайұлы ішкі істер органдары қызметінде кәсіби шеберлігі мен зор беделінің арқасында халық алдында өлшеусіз еңбек етіп, сүбелі үлесін қосқан ардақты ардагер. Өзінің еңбек жолын  1980 жылдың қараша айында Қызылорда қалалық ішкі істер бөлімінің № 2 арнайы комендатурасының милиционері – кезекшісі лауазымынан бастаған.

1983 жылы КСРО ІІМ-нің Брянск арнаулы орта мектебіне оқуға түсіп, оны бітіргеннен кейін Қызылорда қалалық ішкі істер бөлімінің қылмысты іздестіру бөлімшесінің жедел уәкілі, аға жедел уәкілі, осы бөлімше бастығының орынбасары, бастығы лауазымдарында қызмет атқарған. Қызметте жүріп 1994 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Алматы жоғары мектебін бітірген.

1993 жылдың наурыз айында Қызылорда қалалық ішкі істер бөлімі бастығының оперативтік жұмыстары жөніндегі орынбасары болса, 1995 жылдан бастап осы бөлімнің бастығы қызметін атқарған.

1997-2000 жылдары Қызылорда облысының ішкі істер басқармасының криминалды полиция қызметінің бастығы, содан кейін 2007 жылдың наурыз айына дейін Қызылорда облысының ішкі істер департаменті бастығының орынбасары лауазымында қызмет атқарған. 2008 жылдың ақпан айында «полиция полковнигі» арнаулы атағымен зейнеткерлікке шықты.

«Құқық тәртібін қамтамасыз етуде үздік шыққаны үшін», «Ішкі істер органдарының ардагері», І,ІІ,ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медальдарымен, «ІІМ-нің еңбегі сіңген қызметкері, «Үздік қызметі үшін», «Байқоңыр милициясына 40 жыл», «Қазақстан полициясына 15 жыл» төсбелгілерімен наградталып, бірнеше рет ҚР ІІМ-нің, ОІІБ-ның, ОІІД-нің Құрмет грамоталары, Грамоталарымен марапатталған.

2016 жылдың қазан айынан бастап Ардагерлер кеңесінің төрағасы қызметін атқарып келеді. Қазіргі уақытта да алған бағытынан танбай, жас қызметкерлерге бағдар беріп, тәртіп сақшыларының қызметін жақсарту жолында бар күш-жігері мен қабілетін сарп етуде.  

image-12-01-24-02-36.jpeg

Дереккөз: Kyzylorda-news.kz

Тағы да оқыңыз: