Жексенбі, 26 шiлде, 10:14

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қызылорда облысындағы Ақжарма елді мекені тұрғындары табиғи газ тұтына бастады

23.07.2026

30

0

750582765 1337730918548149 2001483842206875826 n
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов және зиялы қауым өкілдері Сырдария ауданына жұмыс сапары кезінде Ақжарма ауылына газ қосу рәсіміне қатысты, деп хабарлады Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Салтанатты шарада аймақ басшысы ауыл тұрғындарын көптен күткен игіліктің іске асуымен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.

752833244 1337730945214813 1682586255450569143 n

«Мемлекет басшысы ауылдарға инфрақұрылым жеткізуге ерекше көңіл бөлуде.

Бүгін Сіздер көптен күткен, ауыл халқының тұрмыс-тіршілігіне жаңа тыныс беретін табиғи газ қосуға жиналдық. Бұл жобаға бюджеттен 1,8 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Өткен жылы Нағи Ілиясов, Шаған ауылдарына газ қосылып, ел игілігін көруде. Алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады. Егемен еліміз еңселі, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай!», — деді аймақ басшысы.

Шарада тыл ардагері Өмірбек Сағындықов сөз сөйлеп, аймағымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан және газ тарту жұмыстарын сапалы әрі мерзімінде жүргізген мердігер мекеме қызметкерлері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

753848924 1337731055214802 4163707944294513739 n
752924300 1337731068548134 2286804690528804545 n

Рәсімнен кейін аймақ басшысы ауыл тұрғындарының үйлеріне барып, естелік сыйлық табыстады.

Өңірде 2022 жылдан бері 65 млрд. теңгеден астам қаржыға 77 газдандыру жобасы жүзеге асты.

Нәтижесінде облыс халқын газдандыру деңгейі 83 пайыз болды. Биыл жыл соңына дейін 10 елді мекенге көгілдір отын қосылып, қамту деңгейі 85 пайызға жеткізіледі.

Жақын күндері Сырдария ауданына қарасты Шіркейлі, Қоғалыкөл және Бесарық ауылдарын газдандыру басталады.

Сапар барысында аймақ басшысы Ақжарма, Шаған, Іңкәрдария, Нағи Ілиясов, Шіркейлі ауылдарының тұрғындарымен кездесті.

Онда ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы айтылып, жиналған жұртшылық ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

753924838 1337731105214797 6334258627103384136 n
754278542 1337731008548140 5919483930851074407 n

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика