Жексенбі, 26 шiлде, 10:15

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қызылорда облысында «Ауладағы қабылдау» республикалық акциясы жалғасуда

23.07.2026

38

0

Ауладағы қабылдау

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бастамасымен және «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында 20–26 шілде аралығында еліміз бойынша «Ауладағы қабылдау» республикалық акциясы өткізілуде. Аталған акция Қызылорда облысында да өз жалғасын табуда.

Акция аясында Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Абдраманов Ермахан Әділханұлы тұрғындармен «Ауладағы қабылдау» форматында кездесу өткізіп, азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады. Кездесу барысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу, жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау және өзге де өзекті мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Акцияның үшінші күні облыс аумағындағы 199 әкімшілік учаскеде тұрғындармен кездесулер ұйымдастырылып, оған 1474 азамат қатысты. Оның ішінде 504 тұрғын өз ұсыныстары мен өтініштерін жеткізді.

a610aa1b 41da 4e97 b370 73d152a67986

Көтерілген мәселелердің басым бөлігі бойынша қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес құқықтық түсіндірмелер мен кеңестер берілді. Ал қосымша зерделеуді немесе өзге мемлекеттік органдармен бірлесіп қарауды қажет ететін мәселелер Қызылорда облысы Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауына алынды.

«Ауладағы қабылдау» акциясының негізгі мақсаты – халықпен ашық әрі тиімді кері байланыс орнату, азаматтардың мәселелерін мемлекеттік органдармен бірлесіп шешуге ықпал ету және тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру.

f451a2e7 f51d 48fb 8c83 1015d8492a82

Қызылорда облысы Полиция департаменті тұрғындарды өз аумақтарында ұйымдастырылатын «Ауладағы қабылдау» акциясына белсенді қатысуға шақырады. Бұл – полиция қызметкерлерімен және мемлекеттік органдардың өкілдерімен тікелей пікір алмасып, өзекті мәселелерді талқылауға және заң аясында тиісті құқықтық көмек алуға мүмкіндік беретін тиімді диалог алаңы.

23ec1754 02df 4849 b68c ed761cd53ac6
9b203fac 564c 4996 9463 ea17ccaa4839

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика