Дүйсенбі, 15 сәуiр, 17:33

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қызылорда облысы полиция департаменті бастығының жаңа орынбасары тағайындалды

02.02.2024

73

0

Қызылорда облысы полиция департаменті бастығының жаңа орынбасары тағайындалды

Ішкі істер министрінің бұйрығымен Қызылорда облысы  Полиция департаменті бастығының орынбасары лауазымына полиция подполковнигі Омаров Оралбек Тәубақабылұлы тағайындалды.

Бүгін Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Аблазимов Махсудхан Нұғманұлы  облыстық ПД-ның жеке құрамына жаңа департамент бастығының орынбасарын таныстырды.             

Оралбек Тәубақабылұлы ішкі істер органдарында 19 жылдан  аса қызмет етіп келеді. Еңбек жолының басым бөлігі кадр саласымен байланысты. Ішкі істер органдарында түрлі басшылық лауазымдар атқарған. Соңғы лауазымы — Көліктегі ПД бастығының орынбасары.

Махсудхан Нұғманұлы жаңа орынбасарды тағайындалуымен құттықтап, оның алдағы қызметіне табыс тіледі.

image-02-02-24-11-46-1.jpeg

Дереккөз: Kyzylorda-news.kz

Тағы да оқыңыз: