Жұма, 03 мамыр, 13:55

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қызылорда: Алдағы қысқа 238 мың тонна көмір қажет

14.11.2023

197

0

komir

«AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері өңір тұрғындарын қатты отынмен қамтамасыз етіп отырған кәсіпкерлердің жұмысымен танысып, көмір қорына, бағасына мониторинг жасады.

Жалпы, облыс бойынша 41 өңірлік оператор және 11 көмір қоймасы бар. Мамандардың айтуынша алдағы қысқа 238 мың тонна көмір қажет, бүгінде осының біраз бөлігі жеткізілген. Партиялық бақылау комиссиясының өкілдері «Khas com» жеке кәсіпкерлігі қоймасына барды. 

Байқағанымыздай көмір тапшылығы жоқ. Қоймада 10 мың тоннадан астам «Шұбаркөл» көмірі тұр. 2023 жылға 75-80 мың тоннадай алынған. «Келер жылға тағы 75 мың тонна алуды жоспарлап отырмыз», — дейді «Khas com» жеке кәсіпкерлігінің иесі.

«Биыл 80 мың тоннаға жуық көмір алдырдық. Тоннасын 18000 мың теңгеден сатып жатырмыз. Бұл уақытта коймада мұндай көмір болмайтын. Қазір халықтың басым бөлігі табиғи газға қосылғандықтан, алушылар да өткен жылдармен салыстырғанда аз. 6 қараша күні келген көмір бағасы бізге 18200 теңгеден түсті. Дегенмен біз әзірге бағаны өз қалпында ұстап отырмыз. Ендігі түскен көмір бағасы өзгеруі мүмкін», — деді Рустем Хасанов.

Партиялық бақылау комиссия мүшелері бағаны тұрақты ұстау жөнінде ұсыныс айтып, қаты отынға тапшылық орын алмауын қатаң бақылауда ұстайтындықтарын жеткізді. 

Kyzylorda-news.kz

Тағы да оқыңыз: