Бейсенбі, 25 сәуiр, 21:43

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

«Құқықтық тәртіп»: Көші-қон заңнамасын бұзған 34 шетелдік азамат анықталды

02.02.2022

353

0

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және төтенше жағдайдың салдарын жою мақсатында республика көлемінде «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде.

Шара барысында анықталған 147 қылмыстың 87-сі бойынша тергеп-тексеру жұмыстары басталды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Марат Рахметов хабарлады.

«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында жол апатына қатысты 1400 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Сондай-ақ, жалға берілетін 480 пәтер тексерілді. Қоғамдық орында алкогольдік ішімдік ішкен 293, ұсақ бұзақылық жасаған 507, көші-қон заңнамасын бұзған 34 шетелдік азамат анықталды. Ал жыл басынан бері 3 807 жол-көлік оқиғасы», – деді Марат Рахметов.

Айта кетейік, 24-30 қаңтар аралығында республикалық «Тұрмыс» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілген болатын. Нәтижесінде 413 әкімшілік құқық бұзушылық анықталса, 35 құқық бұзушының мінез-құлқына сот арқылы ерекше талаптар белгіленді.

Тағы да оқыңыз: