Сенбі, 14 желтоқсан, 23:53

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қостанайға Сыр өңірінен 31 тоннадан астам гуманитарлық көмек жетті

09.09.2022

358

0

Қостанай облысының өрттен зардап шеккен тұрғындарына Сыр өңірінен 31 тоннадан астам гуманитарлық көмек жетті.

Оның ішінде азық-түлік, құрылыс материалдары және басқа да қажетті заттар бар.
«Қостанай өңірінде орын алған төтенше жағдайға байланысты «AMANAT» партиясы жылдам шешім қабылдап, 4 қыркүйекте партияның барлық өңірлік филиалдарында гуманитарлық көмек жинау пунктері ашылды.

Партияның Қызылорда облыстық филиалында және осы өңірдегі 7 аудан мен Төретам кентінде бас-аяғы 9 гуманитарлық көмек қабылдау пункттері ашылып, тұрғындар әкелген көмектерді қабылдады.

3 күнде фракция мүшелері, партия белсенділері мен жергілікті жомарт жандар бірінші кезекте қажетті және ұзақ жолға жарамды заттарды алып беріп, игі іске үлес қосты. Бұдан бөлек, Қызылорда облысы әкімдігінің басшылық құрамы, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ұжымы қостанайлықтарға бір күндік жалақыларын аударды.

Бастауыш партия ұйымдары мен партия белсенділері де қаржылай көмек көрсетті.
Сырбойлықтардың аманатын арқалаған аталған керуен Қостанай облысына жетті. Қазір сондағы еріктілері оны өрттен зардап шеккен жергілікті тұрғындарға таратуда.

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика