Жұма, 04 қазан, 16:33

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

«Қазақстандағы атомдық энергетика: оның мүмкіндіктері» тақырыбында пікір-алмасу алаңы өтті

11.09.2024

438

0

"Қазақстандағы атомдық энергетика: оның мүмкіндіктері" тақырыбында пікір-алмасу алаңы өтті

Қалалық мәслихатта «Қазақстандағы атомдық энергетика: оның мүмкіндіктері» тақырыбында пікір-алмасу алаңы өтті.

Отырысты қалалық мәслихат төрағасы И.Құттықожаев жүргізіп, мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың 2024 жылғы 2 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: Заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты референдумды өткізу күнін (6 қазан) белгілегендігін атап өтіп, «Жалпы бейбіт атом энергиясын пайдалану – бүгінгі жаһандану үдерісіндегі әлемнің ең өзекті, сонымен қатар қарама-қайшылығы көп мәселенің бірі. Ядролық энергияның тиімділігі мен тұрақтылығы біраз елге оны таза энергия көзі ретінде қолдануға мүмкіндік беретіні сөзсіз.

Ең бастысы, АЭС мәселесіндегі шешімнің ғылыми негізі болуы, стратегиялық оң шешім қабылдану қажеттігін» жеткізді.

Пікір алмасу алаңында ҚР Құрметті энергетигі, қалалық қоғамдық кеңес мүшесі М.Кәрімбаев еліміздегі энергетика саласының қазіргі жағдайы, болашақта электр энергиясы тапшылығы мәселесі бойынша өз пікірін білдірді.

Сонымен бірге, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің профессоры, химия ғылымдарының кандидаты Н.Аппазов сөз сөйлеп, атомдық энергетика саласының артықшылықтары мен еліміздегі атомдық энергетика саласының әлеуеті, қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша түсініктеме берді.

Пікір алмасуға қатысқан қалалық мәслихат депутаттары мен қоғамдық кеңес мүшелері бұл мәселеге қатысты өз пікірлерін білдірді.

Дереккөз: Kyzylorda-news.kz

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика