Бейсенбі, 25 сәуiр, 11:08

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қармақшылық кәсіпкер құс өсірумен айналысуда

16.05.2023

140

0

Қармақшы ауданының кәсіпкері Мұратбаев Азаттың жеке кәсібі «Азат» сұлулық салонында кезек көп екенін қашаннан көріп жүрміз. Бірнеше кәсіпті қолға алғысы келген кәсіпкер «Микробизнес-Қызылорда» бағдарламасы шеңберінде 10,0 млн теңге несие алып, қосымша тауық құсын өсірумен айналысуда. 

Бүгінде ол оның сүйікті хоббиіне ғана емес, нәсібін тауып жүрген кәсібіне айналған. «Кобб-500» тауық тұқымына қызыққан кәсіпкер қыр-сырын лезде үйренген. 40-45 күн толған соң еті жеуге жарамды. Әрі бұның бір ерекшелігі өте етті, дәмді, сосын тез піседі. Бір өзінің салмағы 4,5-5 келіге дейін береді. Инкубатордағы жұмыртқадан 20-25 күнде балапан шығады. Одан бөлек, пеште қақталған «грильді» тұрғындарға тапсырыспен жеткізіп отыр. 

– Ебін тапсаң, кез келген іс өтімді болатынына кәсіппен айналысу арқылы көзім жетті. Сондықтан тек еңбектеніп, алға ұмтылу керек, – дейді кәсіпкер.

Азаттың құс цехында 550 тауық бар. Жылына 2,5 т құс етін шығаруға қуатты. Келешек құс шаруашылығын кеңейтуді ойлайтын ол жақын арада шет елдерден тауықтың түрлі сортының жұмыртқасын алдырмақшы.

Сондай-ақ, түрлі кәсіпті түлеткен кәсіпкердің жұбайы Айдана да үйден жайма, кеспе, тәтті нандар мен пирогтарды тапсырыспен жасауда.

Тағы да оқыңыз: