Сенбі, 27 сәуiр, 00:27

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Нұржан Ахатов: Әрбір мәселе қараусыз қалмайды

23.08.2022

302

0

Шиелі ауданының әкімі Нұржан Ахатов Ақтоған, Алмалы, Керделі, Қарғалы ауылдық округі халқымен кездесіп, тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Кездесудің төрттен бір бөлігі ауданның негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері туралы баяндаманы таныстыруға арналса, қалған бөлігі ауыл халқының сауалдарына арналды.

Жұма күнге белгіленген кездесу Ақтоған ауылдық округінде болды. Мұнда ауыл халқы медициналық дәрігерлік амбулаторияның ескіргендігін, жаңадан медициналық ғимарат салу туралы ұсыныстарын айтты.

Ақтоған ауылдық округінен кейінгі кездесу көршілес Алмалы ауылдық округінде өтті. Кездесуде ауыл тұрғындары елді-мекенге көгілдір отын мен жол мәселесі оң шешімін тапса деген ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Аудан әкімінің кездесуі одан әрі Керделі ауылдық округінде жалғасты. Белгілі әнші, композитор Нартай Бекежанов ауылында 550-ге жуық отбасы тұрады. Биылғы жылы «Ауыл ел-бесігі» бағдарламасы аясында Н.Бекежанов ауылында 15 көше асфальттанып, түнгі жарық бағаналары толықтай жаңартылды. Керделі ауылы 100 пайыз жолдары жөнделген, ауыз су мәселесі шешілген, көгілдір отынға қосылған елді мекендердің қатарында. Ауыл тұрғындары электр мен су шаруашылығына қажетті мамандары бөлінсе деген ұсыныстарын жеткізді.

Аудан орталығынан шалғайда орналасқан Қарғалы ауылдық округінің тұрғындары тарапынан азық-түлік бағасы жайы қозғалды. Бұл мәселеге байланысты аудан әкімі кәсіпкерлермен келіссөздер жүргізіп төменгі бағада азық-түлік жеткізіп беруді қарастыратындығын жеткізді.

Кездесу соңында аудан әкімі Нұржан Сәбитұлы әрбір тұрғындар тарапынан көтерілген мәселе қараусыз қалмайтындығын, жан-жақты сала мамандарымен бірлесе отырып зерттеліп, шешу бағытында тиісті шаралар қабылданатындығын жеткізді. Тұрғындар мәселесі аудан әкімдігінің басты назарында болатындығын айтты.

Кездесу соңында ауыл ақсақалдары аудан әкімінің жұмысына толайым сәттілік тілеп, ақ­батасын берді.

Тағы да оқыңыз: