Жұма, 26 сәуiр, 19:06

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Нұрлыбек Нәлібаев қазалылық тұрғындардың мәселелерін тыңдады

04.11.2022

201

0

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қазалы ауданының тұрғындарын қабылдап, олардың жеке мәселелеріне құлақ түрді. 

Өзекті мәселелердің әркез оңтайлы шешімі бар. Қызылорда облысының әкімі өткен аптада Жаңақорған, Арал ауданында құқық қорғау органдары басшыларымен бірге барып, тұрғындардың мәселелерін саралаған болатын. Ал, кешелі-бүгін Сырдария, Жалағаш, Қармақшы ауданында 250-ге жуық тұрғынның өзекті мәселесіне ден қойып, Қазалы ауданында жұмыс сапарын қорытындылады. 

Қазалы жұрты облыс әкімі мен құқық қорғау органдары басшыларына түрлі мәселелерімен келді. Оның ішінде 14 құрсақ көтерген батыр ана, І топ мүгедектігі бар азаматтар мен кәсіп ашуға ниетті тұрғындар көкейде жүрген сауалдарына нақты жауап алды. 

Айта кетейік, бұған дейін аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев СырдарияЖалағашҚармақшы аудандарының тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдағанын хабарлаған болатынбыз. 

Тағы да оқыңыз: