Жексенбі, 05 ақпан, 15:47

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Нұрлыбек Нәлібаев облыстық прокуратура қызметкерлерін құттықтады

06.12.2022

33

0

Бүгін 6 желтоқсан — Прокуратура күні. Аталған күнге орай Қызылорда облыстық прокуратурасында салтанатты жиын өтті.

Шараға Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, облыстық құқық қорғау органдарының басшылары және сала ардагерлері қатысты.

Құттықтау сөз сөйлеген облыс прокуроры Нұрлан Бижанов прокуратура органдарының атқарған жұмыстарын баяндады және биыл жаңадан қабылданған Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Конституциялық заңының маңыздылығы мен ерекшелектерін атап өтті. Келер жылдан бастап прокуратура органдарының құзыреттері кеңейіп жаңа жүйеде жұмыс істеуді бастайды.

Аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы прокуратура қызметкерлеріне еңбекте табыс, абырой тілеп, өз атынан бірнеше қызметкерге алғыс хат табыстады. Биыл аймағымызда облыс әкімінің бастамасымен құқық қорғау органдарының басшыларымен бірге аудандарды аралап, халықпен кездесу жұмыстары жүргізілуде. Облыс әкімі, осы бастамаға атсалысып, тұрғындардың мәселесін жедел шешу жұмыстарына прокуратура органдары қызметкерлерінің қатысып, ерекше белсенділік танытқанын атап өтті. 

Салтанатты жиында бірнеше қызметкерге Бас Прокурордың алғыс хаты, үздік прокурор төсбелгісі және сыныптық шендер тапсырылды.
Жиынға қатысқан ардагерлерде құттықтау сөз сөйлеп, барлық қатысушыларды құттықтап алғыстарын айтты. Прокуратура саласының ардагерлеріне де ерекше құрмет көрсетіліп, кәдесый рәсімі жасалды. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: