Жексенбі, 15 желтоқсан, 00:32

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

МӘМС: Бір уақытта бірнеше емханаға тіркелуге бола ма?

01.02.2022

358

0

Kyzylorda-news.kz. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалдың халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау жөніндегі бөлімі медициналық – санитариялық алғашқы көмек көрсету ұйымдарына тіркеу бойынша туындаған тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.

Емханаға тіркелуге өтініш қанша уақыт ішінде қаралады?
Электрондық үкімет порталы арқылы тіркеуге өтінім берген жағдайда, тіркеу 1 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады

Неліктен менің бүкіл отбасым бір отбасылық дәрігерге тіркелу керек?
Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету отбасылық бақылау принципіне негізделген. Отбасылық дәрігер бүкіл отбасының өмір салтымен, сондай-ақ оның әр мүшесінің мінез-құлқымен немесе тұқым қуалайтын ерекшеліктерімен таныс болғандықтан, дәрігерге осы отбасы мүшелерінің салауатты өмір салтын ұстануды қалыптастыру, мүмкін болатын аурулардың алдын алу және емдеу оңайырақ болады. Осындай тәсілмен медициналық көмек көрсету кезінде оның сапасы да айтарлықтай артады

Неге жақын жерге тіркелу маңызды?
Алғашқы медициналық-санитарлық көмек (МСАК) көрсетудің негізгі қағидаты – аумақтық қолжетімділік болғандықтан, пациенттерге бірінші деңгейдегі медициналық көмекті дәл жаяу қолжетімділік шегінде (15-20 минуттық жаяу жүру) алу неғұрлым ыңғайлы болады. Мұның артықшылығы-үйде медициналық көмек алу мүмкіндігін арттыру

Мен бір уақытта бірнеше емханаға тіркеле аламын ба?
Тіркелу сіздің жеке сәйкестендіру нөміріңіз (ЖСН) бойынша жүзеге асырылатындықтан, сіз тек бір емханаға тіркеле аласыз, бұл ретте бұрынғы емханадан есептен шығару автоматты түрде жүргізіледі

Егер мен тіркеу науқаны кезінде өтініш білдірмеген болсам, мені басқа емханаға тіркей ме, әлде мен өзім тіркелген жерде қаламын ба?
Егер сіз халықты медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін ұйымдарға (15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін) тіркеу науқаны кезінде тіркелуге өтінім бермесеңіз, онда сіздің тіркелуіңіз өзгермейді және сіз өз емханаңызда медициналық көмек алатын боласыз

Мен тіркелу науқаны кезінде басқа емханаға тіркеуге өтініш бердім, ол жерден қашан медициналық көмек ала аламын?
Егер сіз халықты медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін ұйымдарға (15 қыркүйектен бастап 15 қарашаға дейін) тіркеу науқаны кезінде тіркелуге өтінім берсеңіз, онда сіз жаңа емханада медициналық көмекті келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап ала аласыз.

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика