Жексенбі, 19 мамыр, 15:19

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Кәсіпкерлер палатасы мен Қазақстандық заң консультанттарының палатасы меморандумға отырды

14.02.2024

139

0

Кәсіпкерлер палатасы мен Қазақстандық заң консультанттарының палатасы меморандумға отырды

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының алаңында мемлекеттік орган өкілдері мен Қазақстандық заң консультанттары палатасы өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Жиын барысында қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастыру, кәсіпкерлердің мүдделерін қорғау және кәсіпкерлер палатасы мен заң консультанттары палатасы жұмысының тиімділігін күшейту мақсатында Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Пірмұхаммед Сыздық пен Қазақстандық заң консультанттары палатасының сенімхат бойынша өкілі Руслан Якубов екі жақты меморандумға қол қойды.

«Бұл ынтымақтастық аясында екі жақ кәсіпкерлердің құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған бірлескен бағдарламалар мен жобаларды әзірлеп, оларды іске асыруды, сонымен бірге, қолданыстағы заңнаманы жетілдіру бойынша бірлескен ұсыныстар әзірлеп, түрлі форматтағы іс-шараларды өткізу көзделеді. Екі жақтың қолдауымен өтетін дөңгелек үстел, семинар, конференция, зерттеулер, акциялар және тағы басқа шаралар кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын арттырып, өз мүдделерін қорғау жолында орасан зор пайдасын тигізері анық» деді Руслан Якубов.

Жиын қорытындысымен ынтымақтастық бағыттары бойынша бірлескен жұмыс топтары құрылып, бірлесіп дайындалған бағдарламаларды, жобалар мен іс-шараларды іске асыру мақсаты қойылды.

422093508_2505472319634068_3257907616217375731_n.jpg

Дереккөз: Kyzylorda-news.kz

Тағы да оқыңыз: