Жұма, 26 сәуiр, 11:15

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Департамент басшысы ауыл мектебінің сапасын тексеріп барды

09.09.2022

282

0

Қызылорда облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ғалия Дәулетова Жаңақорған ауданы Бірлік ауылындағы С.Қожанов атындағы №55 орта мектебінде болып, аталған мектептің білім алушылары оқып жатқан нысанның қауіпсіздігі мен санитарлық–гигиеналық талаптарға сәйкестігіне, оқу үдерісінің үздіксіз ұйымдастырылуына мониторинг жұмыстарын жүргізді. Мониторингке Жаңақорған аудандық білім бөлімінің басшысы Б. Ибрагимов пен білім бөлімі мамандары тартылды.

Күрделі жөндеу жұмыстарының жүргізілу кезеңінде балалар мектеп жанындағы жаңадан салынған 90 орындық балабақша және 2014 жылы салынған мектептің қосымша ғимаратында білім алуда. Мектепте барлығы 578 бала оқиды, оның ішінде 2 мектепалды даярлық тобы жинақталған. 498 оқушы екі ауысымда балабақшаның 11 оқу кабинетінде, 80 бала мектептің қосымша ғимаратының екі кабинетінде білім алуда. Мониторинг барысында сабақ кестесінің дұрыс құрылуы, қоңырау уақытының сақталуы және балалардың ыстық тамақпен қамтамасыз етілуі зерделенді.

Департамент басшысы Ғалия Дәулетова мектеп басшылығына балалардың қауіпсіздігін сақтау, санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ оқу үдерісінің үздіксіз ұйымдастырылуын, сабақтардың сапалы өтілуін, балалар оқып жатқан нысанға бөгде адамдардың кіруіне жол бермеу мақсатында тиісті шараларды жүргізуді тапсырды. №55 мектеп жобалық қуаты бойынша 300 орынға арналған. Күрделі жөндеуді аяқтау мерзімі Келісім-шарт бойынша 2022 жылғы желтоқсан айы. Мердігер «Корпорация «Әлем құрылыс» ЖШС-і жұмысты 2022 жылғы 15 қазанға дейін аяқтауды жоспарлап отыр. Барлығы күрделі жөндеуге 399 млн. тенге қаражат бөлінген, оның 200 млн. теңгеге жуығы аударылған. Күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге 40-70 адам жұмылдырылған.

Департамент басшысы мердігерге құрылыс жұмыстарының сапалы орындалуын және келісілген мерзімге аяқталуы қажет екендігін жеткізді.

Тағы да оқыңыз: