Жұма, 23 қыркүйек, 18:28

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

«Байқоңыр» ғарыш айлағынан ирандық «Хайям» жерсерігі ұшырылды

09.08.2022

84

0

«Байқоңыр» ғарыш айлағынан ирандық «Хайям» жерсерігі ұшырылды. Бұл туралы Kyzylorda-news.kz ақпарат агенттігінің арнайы тілшісі Динара Маханова хабарлады.

Жерді зонттау қызметін атқаратын жерсеріктің әуеге көтерілу салтанатын тамашалауға ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин, Халық Қаһарманы, ғарышкер Айдын Айымбетов, Иран Республикасынан келген делегаттар мен «Жер және ғарыш ғылымы» атты ұлттық жобаның жеңімпаздары атанған 10 оқушы қатысты.

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша министр Бағдат Мусин «Байқоңыр» кешеніндегі бірқатар нысандарды аралап, Байқоңыр қаласындағы қазақстандық азаматтармен кездеседі. Сондай-ақ, Қазақстанның өзге қалаларынан жерсерігінің ұшырылуын тамашалауға келген дарынды балалармен жүздесу жоспарланған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: