Сәрсенбі, 24 сәуiр, 17:56

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Арал: Бөген ауылында дәрігерлік амбулаторияның құрылысы басталады

29.05.2023

160

0

Тұрғындармен өткен кездесуде аудан әкімі Серік Сермағамбетов соңғы 4 ай көлемінде атқарылған жұмыстарды саралап, алдағы жоспарлармен бөлісті.

Өз сөзінде аудан басшысы ең ауқымды жұмыстар жол саласында атқарылып жатқанын айтты. Бүгінде «Бөген-Ақлақ» бағытындағы қалған 3,6 шақырым жолының қаражаты бөлінгенін және аяқтау үшін мердігер мекемеге кем-кетік жерлерін қайта қазып, су жиналатын жерлердің астын көтеріп, жолды толықтай сапалы жасауды тапсырғанын жеткізді. Сондай-ақ, «Бөген — Аманөткел» бағытындағы жолға ағымдағы жөндеу жұмыстары бүгін басталғанын, келесі жылы аталған жолға күрделі жөндеу жүргізілетін атап өтті. 

«Биылғы жағымды жаңалық ауылдарыңызға салынатын дәрігерлік амбулаторияның қаржысы шешіліп, мердігері анықталуда. Жуық күндері құрылысы басталады» — деді. Бұған қоса, елдімекенде бүгінгі таңда ауылішілік көшелерге асфальт жабындысын төсеу жұмыстары жүргізілуде.

Аудан басшысы судың жағасындағы жұмыстарға да тоқталып, биыл «Қарашалаң-1», «Қарашалаң-2» каналдарын қазу және Тұщы қөлі арқылы Сарытерең көліне су жіберу үшін 2 көзді тоспа салу жұмыстары басталатындығын жеткізді.

Ауыл ақсақалдары барша игі істерге қолдау білдіріп, ақ батасын берді.

Сапар соңында аудан әкімі «Бөген 2016» өнідірістік кооперативінің егістік алқабына барды. Тұрғындар бүгінде 30 гектардан астам аумаққа бау-бақша және көкөніс дақылдарын орналастырған. Өткен жылы бұл егістікті суару үшін аудан әкімдігі тарапынан су насосымен қамтамасыз етілді.

Тағы да оқыңыз: