Бейсенбі, 02 мамыр, 03:06

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Арал ауданында су ұңғымасы қазылды

02.11.2022

267

0

«Су – тіршілік көзі» деп бекер айтпаса керек. Расымен де, күнделікті тіршілігімізді сусыз елестету тіпті мүмкін емес. Дегенмен, бүгінде су әлемдік маңызы бар мәселеге айналды. Оның басты себептерінің бірі – су ресурстарының тапшылығы мен су ресурстарын пайдаланудың шамадан тыс артуы болып отыр. Сондай-ақ дүниежүзілік су қорларының ластануы да түйткілді мәселенің бірі болып отыр. Сондықтан да, алдағы уақытта ауыз су қадірін біліп, оны үнемдеп пайдалануды қолға алғанымыз жөн.

Биыл Арал ауданы орталығының батыс беткейінде орналасқан «Арал-1» су ұңғымасына облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, бұрғылау жұмыстары бастау алған болатын. Ендігі кезекте қазу жұмыстары толықтай дерлік аяқталып, пайдалануға берілді. Атаулы ұңғыма ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайын арттыруға мол мүмкіндік береді. Өйткені мал жайылымдық жерлерді суландыру және мал суаттарымен қамтамасыз ету үшін өте тиімді. 

Су ұңғымасының тереңдігі 430 метрді құрайды. Бұл жұмыстарды мердігер мекеме «PRIDE LTD» ЖШС-і жүргізген. 

Тағы да оқыңыз: