Дүйсенбі, 06 мамыр, 01:59

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Аймақ мерейін асырған іс-шаралар жоғары деңгейде өтті

12.12.2023

177

0

akim_marapaty

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев өткен аптада Астана қаласындағы маңызды іс-шараларды ұйымдастырған әріптестеріне алғыс білдіріп, марапаттады.

Аймақ басшысы уақытпен санаспай, жұмылып еңбек еткен азаматтардың арқасына баспасөз коференциясы мен Астана қаласының 25 жылдығына арналған Қызылорда облысының мәдениет және өнер күндері жоғары деңгейде өткеніне ерекше тоқталды.

«Желтоқсанның 7-сі күні республикалық бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған брифингте Президент тапсырмаларынының орындалуы, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндадық. 9 желтоқсанда «Бейбітшілік және келісім» сарайындағы «Сұлу Сырдан – Ару Астанаға» атты гала концертте астаналықтарға, елордада тұратын жерлестерімізге елдің шығармашылық сәлемі тарту етілді. Гала концерт жоғары деңгейде өтті. Күннің суығына қарамастан қаншама адам «Бейбітшілік және келісім» сарайына кірудің мүмкіндігін іздеп, біраз уақыт сыртта күтті. Халық Сыр өнерпаздарының шығармашылығын сағынған екен. Гала концерттің әр нөмірін үлкен қошеметпен қарсы алды. Көрермендер өнер шеберлерін сахнадан жібермей, ерекше қолдау көрсетті. Өңірдің мерейін асырған қос шара — брифингке, мәдениет пен өнер күндеріне астаналықтар, Президент Әкімшілігі, Үкімет мүшелері, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, жерлестер оң бағасын берді. Елорда төрінде елдегі ағайынның ыстық ықыласын, қолдауын сезіндік», — деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Жиында аталған шаралардың жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан ұжымдар мен азаматтар марапатталды.

Іс-шара соңында аймақ басшысы келер жылы наурыз айында Қызылорда облысының Өнер күндері Алматы қаласында да өткізілетінін хабарлады. Оған дайындық және ұйымдастыру жұмыстарын қазірден бастап пысықтауды тапсырды.

410403212_657042349950346_3552390817541295294_n.jpg
410347644_657042319950349_7752306545038359016_n.jpg
410486408_657042393283675_5150498305883522479_n.jpg

Дереккөз: Kyzylorda-news.kz

Тағы да оқыңыз: