Бейсенбі, 25 маусым, 21:06

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

«Таза қала – ортақ жауапкершілік» экологиялық акциясы өтті

25.06.2026

6

0

7f433fd2 e500 44fc 8cbb 84443a2fcef3

25 маусым күні «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Қызылорда қаласындағы «Сыр сүлейлері» аллеясында «Таза қала – ортақ жауапкершілік» атты тазалық шарасы ұйымдастырылды.

Акцияның негізгі мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және тұрғындардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыру.

Шараға «Жасыл ел» еңбек жасақтарының сарбаздары және белсенді жастар қатысып, аллея аумағын қоқыстан тазарту, жасыл желектердің маңын ретке келтіру, сондай-ақ аллея бойында орналасқан ескерткіштер мен мүсіндерді сүртіп, күтіп-баптау жұмыстарын жүргізді.

18c2c66d 966e 4e36 805c ca08c104f1f7

Шараның арнайы қонағы әрі спикері – үш дүркін «Алтын домбыра» иегері, белгілі айтыскер ақын Мұхтар Ниязов болды. Кездесу барысында ақын жастармен еркін пікір алмасып, «Сыр сүлейлері» аллеясының ашылу тарихы мен оның рухани-мәдени маңызына тоқталды. Сондай-ақ ол Сыр өңірінен шыққан жыраулар мен шайырлардың қазақ әдебиеті мен өнеріндегі орны туралы айтып, жастарды ұлттық құндылықтарды құрметтеуге және тарихи-мәдени мұраларды көздің қарашығындай сақтауға шақырды.

fdc9c711 e9a2 4a72 8289 c17cf8d08c69

Акция аясында қатысушылар экологиялық мәдениеттің маңызы туралы пікір алмасып, қоғамда тазалық пен тәртіпті сақтаудың ортақ міндет екендігін көрсетті. Жастар қоршаған ортаны қорғауға бағытталған бастамаларға белсенді қатысып, туған қаланың көркеюіне өз үлестерін қосты.

Мұндай шаралар тұрғындардың экологиялық сауаттылығын арттырып қана қоймай, қоғамда табиғатқа жанашырлық пен жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы игі бастамалар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.

d30f3e38 6ac1 407d 922d 30660f9d148d
6acbf896 9591 457a b5ed d75cdc5cf740
cd24d5fa 6b0f 47ef 9159 67507256f1d3

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика