Дүйсенбі, 15 сәуiр, 18:19

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қызылордада үшем дүниеге келді

06.01.2024

117

0

Қызылордада үшем дүниеге келді

Қызылорда облыстық перинаталдық орталығында 2023 жылдың 8 желтоқсан күні үшемдер дүниеге келді. Ұл бала мен екі қыз бала жүктіліктің 33-ші аптасында өмір есігін ашты.

Үшемді дүниеге әкелген 28 жастағы Қызылорда қаласының тұрғыны Әбсаттар Ақбота Берікқызы Қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінде бас маман болып жұмыс істейді. Бұл оның екінші жүктілігі, үшемдерге дейін Ақботаның 2 жасар Жантөре атты ұлы бар.

Нәрестелер туылған кезде салмағы 1830 грамм, 1670 грамм, 1200 грамм болды. Нәрестелер бірнеше минут айырмашылығымен дүниеге келді. Шақалақтар 1 айға жуық Облыстық перинаталдық орталығы дәрігерлердің жіті бақылауында болып, тұрақты ем қабылдады. Қазіргі таңда сәбилердің және анасының жағдайлары жақсы. Нәрестелердің есімін Қазбековтер әулетінің үлкендері, яғни ата-әжесі Әлинұр, Адина, Медина деп қойды. Анасының айтуынша кішкентай қызы Медина жейдемен туылды.

Абсаттар Ақбота өзінің жүктілігі туралы 6-шы аптада білгенін айтты. Дәрігерлер алғашқы тексеруде егіздер болуы мүмкін екенін болжады, бірақ 8-ші аптада үшем екенін растады.

«Бұл мен үшін күтпеген жаңалық болды. Қуаныш сезімі мен қорқыныш сезімі бойымда болғанын жасырмаймын, жүктілік қалай өтеді екен, балалардың дамуы, жетілуі қалай болады екен деп уайымдадым.», — деді Абсаттар Ақбота.

Ол сондай-ақ үшемді жоспарлаған әйелдерге мынадай кеңес берді: «Үшемге жүкті болғысы келетін әйелдерге жұғысты болсын. Ол үшін әйел адам өзіне қарап, күтініп жүруі керек және айналасындағылардан көмек сұрауға ұялмау керек, себебі 1 баланы дүниеге алып келудің өзі қиын, ал үшемге аяғы ауыр болатын болса денсаулыққа 3 есе жүк түседі.»

Айта кетейік, Облыстық перинаталдық орталығында 2023 жылы 11133 нәресте дүниеге келді. Оның ішінде 151 егіз және 3 үшем болды.

FB_IMG_1704531743494.jpg
FB_IMG_1704531737458.jpg

Дереккөз: Kyzylorda-news.kz

Тағы да оқыңыз: