Сенбі, 04 мамыр, 08:49

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Орталық алаң қайта жасануда

22.04.2024

101

0

Орталық алаң қайта жасануда

Өткен жылы аймақтың бас қаласында абаттандыру және көркейту шараларына ерекше маңыз беріліп, игілікті істердің бірі орталық алаңда бастау алған болатын. Жоба бойынша алаңға субұрқақтар, брусчаткалар, жолжиек тастар орнатылып, жарық диодты шамдар қойылып, газон, көпжылдық жасыл көшеттер отырғызылады. Сонымен қатар шағын архитектуралық пішімдемелер қою да жоспарланған.

Мұнда жаңа үлгідегі орындықтар, жарық бағаналары және балалар ойын алаңы да қойылатын болады. Ыбырай Жақаев көшесінің Қорқыт ата көшесінен Орталық алаңға дейінгі аралығы да толықтай абаттандырылады. Осылайша шаһар келбеті жыл санап көріктене түспек. Бұл бағыттағы жұмыстар қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасау мақсатында жүзеге асырылуда. Көпшілікке көзайым боларлық жобаны бұл салада мол тәжірибесі бар «Техоснастка-Ремсервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүзеге асырады.

– 2023 жылдың күз мезгілінде Орталық алаңды абаттандыру жұмыстары басталғаны өздеріңізге белгілі. Қазіргі таңда құрылыс жұмысының 70 пайызы бітті. Маусым айына дейін жөндеу жұмысы толықтай аяқталып, қала тұрғындарына пайдалануға беріледі.

Орталық алаңға енген өзгерістер қала тұрғындары мен жастардың талап-тілектерін ескере отырып жасалды. Сырдың перзенті, меценат Асқар Әубәкіровтің қолдауымен 1 млрд теңге бөлініп, қызу жұмыс басталып кеткен еді. Алаңдағы ашық жатқан жерлер жасыл екпелермен көмкерілетін болады. Қалада бұрын болмаған, арнайы тапсырыспен алынған ағаш түрлері егіледі. Ерекше архитектуралық формалар мен тұрғындарға арналған демалатын орындар да қарастырылуда, – дейді қала әкімінің орынбасары Ғалымжан Еркебай.

Дина БӨКЕБАЙ

Дереккөз: syrboyi.kz

Тағы да оқыңыз: