Жұма, 04 қазан, 16:34

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Аймақ басшысы әуежай терминалы аумағын абаттандыру жұмыстарымен танысты

22.05.2024

222

0

Аймақ басшысы әуежай терминалы аумағын абаттандыру жұмыстарымен танысты
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Қорқыт Ата» әуежайы жаңа терминалы аумағын абаттандыру барысымен танысты.

«УАД» ЖШС басшысы Мұрат Үдербаев құрылыс алаңындағы жұмыстарды баяндады. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Нысан таяуда ел игілігіне табысталмақ. Жобаға бағытталған 20 млрд теңгенің 15 млрд 700 млн теңгесі Болат Өтемұратов қорынан бөлінген. Жергілікті бюджеттің 4 млрд 300 млн теңге қаржысы инфрақұрылымды дамытуға, абаттандыруға, яғни жылу, су, электр, телефон және кәріз, желілерін, автожол жүргізуге жұмсалды.

Қазір әуежай және оған іргелес аумақ абаттандырылуда. Сонымен қатар, осы аумаққа 615 шаршы метр гранит жабыны, 16,2 шаршы метр асфальт, 4038 шаршы метр кеспетас және 3630 шаршы метр қиыршық тас төселуде. «Қызылорда қаласындағы әуежайдың іргелес аумағын абаттандыру құрылысы» жобасына 634 050 млн теңге бөлініп, 4 жолақты, ұзындығы 480 метр, әр жолақтың ені 3,5 метр болатын жол салынуда.

Аймақ басшысы жұмыс сапасына баса мән беріп, мерзімінде аяқталуын қадағалауды ескертті.

Айта кетейік, «Қорқыт Ата» әуежайы жаңа терминалының құрылыс жұмыстары 2023 жылдың ақпанынан басталған болатын.

443716055_750364833951430_5493055749210225325_n.jpg
442512941_750371050617475_7245453235491195454_n.jpg
442483458_750370983950815_5526341212058096220_n.jpg
442413513_750371003950813_1024420068123246962_n.jpg
441490837_750371030617477_147392705516631072_n.jpg

Дереккөз: Kyzylorda-news.kz

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика