Жексенбі, 03 қараша, 19:01

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Теңізді өлкенің тірлігі татымды

17.05.2024

235

0

Теңізді өлкенің тірлігі татымды
Фото: Нұрболат Нұржаубай

Арал – облыстағы іргелі аудандардың бірі. Жыл сайын ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіші артып, даму бағытына арналған тың жобалар іске асырылуда. Мәселен, жыл басынан бері ауданға 4,1 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылып, өсім көрсеткіші 16,4 пайызды құрады. Тиісінше, оның 1,5 млрд теңгесі ауылдық жерлерге, қалған 2,6 млрд теңгесі Арал қаласына тиесілі. Теңізді өлкеде өнеркәсіп өндірісі де айтарлықтай дамып келеді. Атап айтқанда, өнеркәсіп орындары жыл басынан бері 9,1 млрд теңгенің өнімін өндіріп, өсім 17,4 пайызға жетті. Айдынды Аралда 148,1 мың тонна тұз бен 84,4 мың тонна йодталған тұз және 1494 тонна балық өнімдері өндірілді. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Арал ауданының әкімі Аманжол Оңғарбаев хабарлады.

– Ауданымызды дамытуға арналған ауқымды жобалар қолға алынып, жыл басынан бері бірқатар жұмыстар атқарылды. Соның ішінде 2024-2028 жылдар аралығында Бірыңғай индустрияландыру картасы, жалпыұлттық жобалар пулын іске асыруға бағытталған құны 174,8 млрд теңгені құрайтын 13 инвестициялық жоба бар. Сәйкесінше, биыл 3 инвестициялық жоба іске қосылатын болады. Бұдан бөлек, ауданымызда кәсіпкерлік саласы да қарқынды дамып келеді. Біздің аймақта 5204 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі бар. Оның бүгінде 95,7 пайызы тұрақты жұмыс істеп тұр. Шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыспен қамтылғандар саны 8 мыңнан асады. Ал, өндірілген өнім көлемі 147,3 пайызды құрап отыр. Сондай-ақ, жыл басынан бері мемлекеттік бағдарламалардың қолдауы нәтижесінде 35 жобаға несие берілді, — деді Аманжол Сақыпұлы.

Биыл аудандағы басты жаңалықтардың бірі – Арал қаласында кәріз желісі жүргізіледі. Аталған жұмыс толық аяқталса 15 әлеуметтік нысан кәріз жүйесіне қосылмақ. Бұдан бөлек, осы жылы ауданға қарасты Сексеуіл кенті көгілдір отынға қосылатын болады. Сонымен қатар, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында Арал қаласында газ желісі және электр желісінің құрылысы жүргізілуде. Алдағы уақытта «Ауыл – Ел бесігі» жобасы арқылы Аманөткелде 150 орындық ауылдық клуб, Шижағада заманауи спорт кешенінің құрылысы басталмақ. Жалпы Арал ауданында осы жылдың 3 айында 1,1 млрд теңгенің құрылыс жұмыстары жүргізіліп, нақты көрсеткіш 4,8 есеге артты. 

Дереккөз: Kyzylorda-news.kz

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика