Сәрсенбі, 08 мамыр, 00:30

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Тауар сапасына бақылау жүргізілді

09.02.2024

159

0

Тауар сапасына бақылау жүргізілді

Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің 2023 жылғы қорытындысы бойынша бақылау және қадағалау функциясына сай 231 мемлекеттік бақылау жүргізілген. Осының нәтижесінде 211 заң бұзушылық анықталып, оны жою туралы нұсқама берілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Бауыржан Қарсақбаев мәлімдеді.

— Тексеріс жұмыстарын талдау барысында 24 заң бұзушылық метрология саласына қатысты екені белгілі болды. Одан бөлек жоспардан тыс — 6, қашықтықтан жүргізілген профилактикалық бақылау бойынша — 201, зергерлік бұйымдар саласында — 64, техникалық реттеу саласында — 23 бақылау жүргізілді. Тиісінше, тексеріс қорытындысында анықталған заң бұзушылықтарды жою туралы қажетті нұсқамалар берілді. Алдағы уақытта аталмыш заң бұзушылыққа жол берген кәсіпкерлік субъектілеріне ұдайы профилактикалық тексеріс жүргізіледі. Тағы бір айта кететін жайт, облыс тұрғындары автокөлік бекеттерінде жанар-жағармай мен сұйытылған газдың мөлшерден кем құю әрекеттеріне жол берілгендігі туралы біздің департаментке хабарласса дереу тексеріс жүргізетін боламыз. Сондай-ақ, азық-түлік тауарларынан басқа өнімдердің сапасына күмән туындаса немесе қазақ және орыс тілдерінде ақпараттардың қате деректері орын алған жағдайда біздің департаменттің көмегіне жүгінуге болатынын еске саламын, — деді Бауыржан Бақытбекұлы.

Дереккөз: Kyzylorda-news.kz

Тағы да оқыңыз: