Сенбі, 04 мамыр, 03:38

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

«Саяси SMM: депутаттың қызметін ілгерілету» тақырыбындағы cеминар жалғасып жатыр

23.01.2024

157

0

«Саяси SMM: депутаттың қызметін ілгерілету» тақырыбындағы cеминар жалғасып жатыр

«AMANAT» партиясы Саяси менеджмент академиясының ұйымдастыруымен «Саяси SMM: депутаттың қызметін ілгерілету» тақырыбында барлық деңгейдегі мәслихат депутаттар үшін семинар-тренинг өтті. Оқу семинары 22-23 қаңтарға екі күнге жоспарланған. 

Атап өту керек, Ел Президенті Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Естуші мемлекет» қағидатын орындауда мәслихат депуттарының қызметі орасан деген болатын. Бұл орайда өткен жылы барлық деңгейдегі мәслихат депуттарының Бірінші республикалық форумында партия Төрағасы Ерлан Жақанұлы Қошанов «Қоғам алдында тұрған өзекті мәселелерді шешуде мәслихат депутаттарының рөлі ерекше екенін атап өтіп, БАҚ пен әлеуметтік желілердегі жұмысты жандандырып, қоғаммен қарым-қатынасты нығайтатын замануи құрылғыларды да үнемі қолдану керектігіне тоқталған еді. Бұл форум қатысушылары тарапынан да үлкен сұранысқа ие болған болатын.

Семинарды оқытып жатқан тренерлер:

Алмас ТОКАБАЕВ -журналист, дағдарыс менеджері, блогер, Ақпарат және қоғамдық даму министрінің кеңесшісі, «TuraNews» ақпараттық-аналитикалық порталының аналитигі, бас редакторы;

Ерлан МУСИПОВ — «Kozildirik Media Group» креативтік PR-агенттігінің басшысы, «Негативті басқару» SMM бойынша әдістеменің авторы;

Рамазан ДАУЛЕТБАЕВ — журналист, блогер, дағдарыс менеджері, «Basnews.kz»ақпараттық — аналитикалық порталының бас редакторы;

Гүлнар НҰРАХМЕТХАНОВА — партияның Орталық аппараты Саяси жұмыс департаментінің бас консультанты:

Гаухар АРЫНОВА — «AMANAT»партиясы Саяси менеджмент академиясының жауапты маманы

Семинар барысында халық қалаулылары көптеген қажетті ақпараттармен қанықты. 

420535332_781882320644073_1216775483397838056_n.jpg
417507412_781882367310735_9165752883252559461_n.jpg
417446775_781882420644063_8181216165096322872_n.jpg

Дереккөз: Kyzylorda-news.kz

Тағы да оқыңыз: