Сенбі, 15 маусым, 04:20

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қызылорда қаласы әкімі ауыл тұрғындарымен кездесті

05.06.2024

78

0

Қызылорда қаласы әкімі ауыл тұрғындарымен кездесті

Қызылорда қаласы әкімі Серік Қожаниязовтың халықпен кездесуі Қарауылтөбе, Талсуат, Қызылөзек ауылдық округтерінде де өтті. Бұл кездесулерде шаһар басшысы жыл басынан бері атқарылған жұмыстар және алдағы перспективалық даму жоспарлар жайымен бөлісті. Ал, тұрғындар көкейлерінде жүрген бірқатар мәселелерін ортаға салды. Қойылған сауалдарға толыққанды жауаптар беріліп, шешілуі уақыт талап ететін ұсыныстар хаттамаға енгізілді.

Өткен жылы Қарауылтөбе ауылында құны 286,3 миллион теңгені құрайтын 150 орындық клуб үйі ел игілігіне берілді. Биылғы жылға бюджеттің барлық көздерінен 868 миллион теңгеге ауқымды жобалар жүзеге асады. Атап айтар болсақ, жаңадан қоныстанушы аумақта жаяу жүргіншілер жолын салу, көшелерге тас төсеу, қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіледі.

Ауыл халқы дәрігерлік амбулаторияның қажет екендігін айтады. Оған қатысты қажетті шаралар қабылданады. Ал, мектептің жылыту жүйесін газға ауыстыру кезек күттірмейтін мәселе. Өйткені бұған дейін жылыту жүйесінде дизель отыны пайдаланылып, ол экономикалық жағынан тиімсіздігін көрсеткен. Бұл сұраққа байланысты облыстық білім басқармасымен бірлесе жұмыстар атқарылады.

Ал, Қараөзек ауылдық округінде серпінді істердің нәтижесі мол. Биылғы жылғы жоба-сметалық құжаттарға сәйкес, 2024-2025 жылдарға өтпелі 1 миллиард 655 миллион теңгені құрайтын жобалар жүзеге аспақ. Яғни, 3 елдімекендегі электр желілері қайта жаңғыртылады. 3 көшеге жол құрылысы, түнгі жарық орнату, балалар ойын алаңын салу жұмыстары жүргізіледі. Тұрғындар үшін ең маңызды мәселе – «Қожақ» автомобиль көпірін күрделі жөндеуден өткізу жоспарға енді.

Талсуат ауылының тұрғындары да мектептің жылыту жүйесін газға ауыстыруды сұрайды. Шаһар басшысы бұл мәселе Қарауылтөбедегі мектепте де бар екендігін айтып, екі елдімекеннің сұранысы ескерілетінін жеткізді.

Жалпы, Талсуат ауылдық округін дамыту бағытында 213,4 миллион теңгеге 9 жоба іске асырылуда. Оның ішінде «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында көшеге түнгі жарық орнату, көшелерге ағымдағы жөндеу, көркейту-көгалдандыру, абаттандыру, санитарлық-тазалық жұмыстары бар.

Дереккөз: Kyzylorda-news.kz

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика