Жұма, 11 қазан, 16:28

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Мораторий алынды: Қызылордадағы бизнес өкілдері не дейді?

19.01.2024

246

0

Мораторий алынды: Қызылордадағы бизнес өкілдері не дейді?

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап шағын және орта бизнесті тексеруге мораторий жойылды. Төрт жылдық мораторий кәсіпкерлерге пандемиядан қиналмай өтуге және кәсіптерін қалыпқа келтіруге мүмкіндік берді. Мораторийдің аяқталуына байланысты Қызылорда облысындағы бизнес өкілдерінің пікірін сұраған едік.

Облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Пірмұхаммед Сыздықтың айтуынша 2023 жылы аяқталуы тиіс мораторий «Атамекен» ҰКП ұсынысымен тағы бір жылға ұзартылған.

«Осы кезеңде түрлі бағыттағы кәсіпкерлермен мораторийдің аяқталуына қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Заңға бағынатын мемлекет ретінде ережеден, тәртіптен аттамаймыз. Бірақ тиісті органдар тарапынан бизнеске қатысты артық талаптарын анықтау бойынша жұмысымызды жалғастырамыз. Кәсіпкерлер тексеруден қорықпауы керек. Тексеру барысында мемлекеттік органдар тарапынан заңсыз әрекеттерге кезіккен жағдайда, Кәсіпкерлер палатасының республика бойынша жұмыс істейтін 14 32 байланыс орталығына немесе тікелей облыстық кәсіпкерлер палатасына хабарласуға болатынын ескертеміз», — деді  Пірмұхаммед Сыздық.

Пирмухаммед Сыздык.jpg

«Раим» ЖШС құрылтайшысы, Облыстық кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің төрағасы Ерлан Раимов кәсіпкерлік саласына реформалар мен жеңіл, түсінікті заңдар қажет деп есептейді.

«Соңғы 4 жылда оңтайлы бизнес-ортаны құру және кәсіпкерлікті дамыту бағытында қыруар істер атқарылды. Кәсіпкерлердің пайдасына көптеген заңдар қабылданды. Бизнеске қажетсіз талаптарды азайту үшін көп жұмыс атқарылды. Бұзушылықтар үшін тек кәсіпкерлер ғана емес, енді тексеруді жүргізу тәртібін бұзғаны үшін тексеруші органдар да әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Өрт пен басқа да төтенше жағдайларды қоспағанда, қазір алдын ала ескертуден кейін тексерулер жүргізілетін болды», — деп толықтырды сөзін Ерлан Райымов.

Ерлан Раимов.jpg

Облыстық қоғамдық тамақтандыру және қызмет көрсету саласы қауымдастығының төрағасы Ақмарал Әбдіразақова ретсіз тексеру кәсіпкерлердің жұмысына кедергі келтіреді деп есептейді. Бизнес өкілдері заң бұзған жайдайда ғана мемлекеттік органдар тарапынан тексеру болса қарсы еместігін айтты.

«Менің ойымша, бизнеске тексерулер санын қысқарту керек. Атап айтқанда, мейрамханалар мен дәмханаларды тексеру көп. Тым жиі тексерулер және болмашы себептермен айыппұл салынады. Кәсібіміз қоғамдық тамақтандыруға байланысты болғандықтан, бізде санитарлық эпидемиологиялық басқарламалар мен ТЖ, полиция, салық органдары тарапынан тексеру көп. «Атамекен» алаңында бұл туралы талай рет айтқанбыз. Әрине, тексеруден қашпаймыз, бірақ бұрынғыдай жиі тексерудің қажеті жоқ. Олар бізге көмектескеннен бизнеске кедергі келтіреді. Мемлекеттік органдар мұқият талдау жасап, кәсіпкерлерді тек заң бұзушылықтар болған жағдайда ғана тексеруі керек. Бізге ең алдымен бизнес пен мемлекеттік органдардың бірлескен жұмысы керек, сонда ғана дамуға қол жеткіземіз», — деді ол.
 

Дереккөз: Kyzylorda-news.kz

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика