Жұма, 04 қазан, 16:08

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Биыл Қазалы ауданында 18 жаңа нысан салынады

01.02.2024

172

0

Биыл Қазалы ауданында 18 жаңа нысан салынады

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен Қазалы ауданының даму жоспарын қарау жөніндегі кеңесте аудан әкімі Мұхтар Оразбаев халыққа қолайлы орта қалыптастыру мақсатында биыл 18 жаңа нысанның құрылысы салынатынын айтты. Бұл жобалар үшін 2,2 млрд. теңге қаржы қаралды.

Оның ішінде «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша 10 жобаға 1,2 млрд. теңге, «Моно және шағын қалаларда инфрақұрылымды дамыту» бағдарламасы бойынша 2 жобаға 180 млн. теңге, «Газ объектілерін дамыту» бағдарламасы бойынша 2 жобаға 352 млн. теңге, «Кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша 2 жобаға 169 млн. теңге, «Коммуналдық тұрғын үй қорынан осал топтарға тұрғын сатып алу» бағдарламасы бойынша 1 жобаға 266 млн. теңге, «Мемлекеттік ғимараттарды салу» бағдарламасы бойынша 1 жобаға 1,4 млн. теңге қаралды.

Аталған жобалардан бөлек, сараптаманың оң қорытындысын алған 5 жобаның құжаты дайын. Олар – Әйтеке би кентіне салынатын тұрғын үйлерді инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, атап айтқанда, электрмен жабдықтау, жол салу, Қ.Пірімов ауылының жеке тұрғын үй секторының инженерлік инфрақұрылымы және Ү.Түктібаев ауылын электрмен жабдықтау жобасы.

Дереккөз: Kyzylorda-news.kz

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика