Сенбі, 15 маусым, 02:53

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Әйелдер құқығы мен балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты назарда

10.06.2024

143

0

Әйелдер құқығы мен балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты назарда

«Достық» үйінде облыстық прокуратураның ұйымдастырумен «Әйелдердің құқықтары мен балалар қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі жаңашыл өзгерістерді қолдану мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Оғана прокуратура, сот, адвокаттар қауымдастығы, құқық қорғау органдарының, облыстық білім басқармасының басшылары мен қызметкерлері,  адам құқықтары жөніндегі өкіл, бала құқықтары жөніндегі уәкіл және әйелдер кеңесінің мүшелері қатысты.

Отырысты облыс прокуроры Ризабек Ожаров ашып, жүргізді.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған жолдауларында әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдатуды тапсырды. Осы ретте әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының заңдарына Президент қол қойды. Өзгерістер мен толықтырулар әйелдер мен балаларды қорғауды едәуір күшейтеді. Бұл Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы аумағында әйелдер мен балаларды қорғау бойынша жаңа шаралар енгізген алғашқы заң болып табылады. Біздің мақсатымыз әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде сапалы тергеу тәжірибесін қалыптастыру. Алдағы уақытта атқарылуы тиіс шараларды талқылап, шешуді қажет ететін проблемаларды белгілеу,  –  деді Р. Кәрімұлы.

Жаңа заң бойынша әйелдер мен балаларға қатысты кез-келген сипаттағы зорлық-зомбылық  үшін жауапкершілік қатаңдатылған. Осы орайда отбасы институтын және кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін нығайтатын нормалардан тұратын негізгі 15 Заңға өзгерістер енгізілген.

Мәселен, былтыр облыс бойынша әкімшілік соттарда қасақана жеңіл дене жарақатын келтірумен 927 іс қаралып, 389 адам жауапқа тартылса, биылғы бес айда 402 іс қаралған. Ұрып-соғу бойынша былтыр 553 іс қаралып,  211 адам жауапқа тартылса, биылғы бес айда 315 іс қаралған.

Осы аталған әкімшілік құқықбұзушылық заңнамаға енгізілген өзгерістерге сәйкес енді қылмыстық құқықбұзушылық санатына өтеді.

Жиында тергеу барысында туындайтын проблемалар мен дайындық жұмыстарының жай-күйі  жан-жақты талқыланды.

Заңнамаға енгізілген өзгерістер, туындайтын мәселелер бойынша облыстық прокуратураның басқарма бастығы Батырбек Нұрмағанбетовтің,  Қызылорда қалалық №2 сотының судьясы Тұрар Темірбаевтің, Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының судьясы Гүлмира  Ысқақованың, полиция департаментінің анықтау басқармасының бастығы Бахытжан  Қаппардың,  сот-сараптама институты директорының орынбасары Бахытжан Садуовтың және өзге кісілердің баяндамалары тыңдалды.

Басқосуда жиылғандар тергеу кезінде орын алатын мәселелерді оңтайлы шешу жолдарын қарастыру бойынша ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

2fbf6098-4964-498f-9331-8d503e0d52ba.jpg

Дереккөз: Kyzylorda-news.kz

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика