Сенбі, 15 маусым, 04:22

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

«Сыр ана» республикалық әншілер конкурсы басталды

24.05.2024

91

0

«Сыр ана» республикалық әншілер конкурсы басталды

Асқар Тоқмағанбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде композитор, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі, Қызылорда облысының Құрметті азаматы Рамазан Таймановтың шығармашылығын насихаттау мақсатында І республикалық «Сыр ана» әншілер конкурсының ашылу салтанаты және І кезеңі өтті.

Конкурстың ашылуында Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Мира Қазбекова сөз сөйлеп, облыс әкімінің құттықтауын жеткізді.

– Рамазан Сағындықұлы – мәдениет саласына кірпішін қалаған өнер адамы. Ол кісінің бағындырған биік шыңдары ізінен ерген шәкірттеріне және де өзі секілді өнер әлеміне өркен жаямын деген өнерпаз жастарға үлгі. Бүгінгі конкурс арқылы да біраз өнерлі, талантты жастардың бағы жанатынына сенімдімін. Барлығыңызға сәттілік тілеймін, – деді басқарма басшысы Мира Қазбекова.

Сыр даласын әсем әнге бөлейтін конкурсқа республикамыздың түкпір-түкпірінен және Сыр өңірінен арнайы іріктелген 17 талапкер қатысты.

Конкурс ережесіне сәйкес талапкер әншілер алғашқы кезеңде Рамазан Сағындықұлының әндерін орындаса, екінші кезеңде еркін тақырыпта конкурстық әндер орындайды.

Екінші кезең ертең Нартай Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрында сағат 11.00-де, Рамазан Сағындықұлының 70 жас мерейтойына арналған шығармашылық кеш сағат 17.00-де өтеді.

Дереккөз: Kyzylorda-news.kz

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика