Сенбі, 27 шiлде, 08:08

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Республикалық «Сыр Ана» әншілер конкурсы қорытындыланды

25.05.2024

105

0

Республикалық «Сыр Ана» әншілер конкурсы қорытындыланды

Қызылорда облысындағы “Руханият” жылы аясында композитор, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан Композиторлар Одағының мүшесі, Қызылорда облысының Құрметті азаматы Рамазан Таймановтың 70 жасқа толу мерейтойына арналған І республикалық «Сыр Ана» әншілер конкурсы қорытындыланды.

Сыр даласын әсем әнге бөлеген конкурста республикамыздың түкпір-түкпірінен және Сыр өңірінен арнайы іріктелген 17 талапкердің өнерін композитор, Қазақстан Композиторлар одағының төрағасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Серік Әбдінұров, әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жеңіс Ысқақова, продюсер, Мәдениет қайраткері Сәрсен Ибрашева, композитор, Мәдениет саласының үздігі Сәбит Ұлықпанұлы және мерей той иесі Рамазан Тайманов бағалады.

Конкурс қорытындысы бойынша жүлделі lll орынды Назым Мауленқызы (Алматы қаласы), Әкімжан Шакиров (Ақтөбе облысы), «Шабыт» тобы (Қостанай облысы), ll орынды Арайлым Маханбетжанова (Қызылорда қаласы), Ақтоты Абдрахманова (Көкшетау қаласы), l орынды Замира Көлімбетова (Байқоңыр қаласы) иеленсе, Бас жүлдені Айсұлу Әбді (Қызылорда қаласы) жеңіп алды. Сондай-ақ, жүлдегерлерге қаржылай сыйлық табысталды.

Марапаттау рәсімі композитордың шығармашылық ән кешіне ұласып, кеште Сыр өңірінің өнерлі өрендері мен конкурс жүлдегерлері және Сыр елінің мақтанышы Жеңіс Ысқақова Рамазан Тайманов әндерін орындап, көрермен қошеметіне бөленді.

FB_IMG_1716617173820.jpg
FB_IMG_1716617166720.jpg
FB_IMG_1716617155306.jpg

Дереккөз: Kyzylorda-news.kz

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика