Сейсенбі, 19 наурыз, 09:43

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қазақстанның Құрметті журналисі Әскербек Рахымбекұлын еске алу шарасы өтіп жатыр

25.11.2022

249

0

Бүгін А.Тоқмағанбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде ақын, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, Қазақстанның Құрметті журналисі, Қызылорда қаласының, Сырдария ауданының Құрметті азаматы Әскербек Рахымбекұлы ағамыздың 80 жылдығына арналған «Қара өлеңнің құлагері» атты еске алу шарасы өтуде.

Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасының басшысы Руслан Рүстемов  қаламгердің өнегелі өміріне тоқталып, еске алу кешін ашып берді.

Іс-шараға ақын ағаның көзін көрген барша әріптестері, замандастары және әдебиет сүйер қауым қатысуда. Кеш барысында Сыр өнерпаздары ақынның сөзіне жазылған ән-жырдан шашу шашып, ал жас ақындар әдебиет майталманының арнауларынан, драмалық шығармаларынан үзінділер оқып, көпшіліктің көңілінен шығуда.

А.Тоқмағанбетов 1942 жылы 22 наурызда Қызылорда облысының Сырдария ауданындағы Қоғалыкөл ауылында туған. Қызылорда пединститутының филология факультетін және Алматы жоғары партия мектебінің журналистика бөлімін бітірген. Сырдария аудандық «Сырдария» газетінде, Қызылорда облыстық телерадиокомитетінде және облыстық партия комитетінде қызмет еткен. 1970 жылдан бері облыстық «Сыр бойы» бұрынғы «Ленин жолы» газетінде қалтқысыз қызмет істеп келеді. Қаламгер бірнеше жыр жинақтарының авторы, «Жалын» баспасы жабық бәйгесінің екі дүркін жүлдегері.

Тағы да оқыңыз: