Сәрсенбі, 17 тамыз, 05:36

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Сексеуіл кентінде жаңа цех ашылды

19.07.2022

59

0

«Қамқор Локомотив» ЖШС Сексеуіл локомотив жөндеу депосы ата кәсібін қайта жаңғыртты. Бүгінгі күні «Қамқор Локомотив» ЖШС Сексеуіл локомотив жөндеу депосында 250 адам жұмыспен қамтылған.

Сонымен бірге 2019 жылы Фасад жабыңғы 100 миллион теңгеге атаулы мекеменің сыртқы келбетін сапалы түрде уақытылы аяқтап, қолдануға берілді. Бүгінгі дамыған заман талабына сай ТЭ33 Эволюшн цехы көлемі 2500 шаршы метрді құрайтын цех күрделі жөндеуден өтті. Сондай-ақ аталмыш жоба 62 миллион теңгені құраған.

Аталған жобаны «Қамқор Менеджмент» ЖШС бас директоры Диас Төлеутайұлы және «Қамқор Локомотив» ЖШС басшылығы ауданымыздың өсіп-өркендеуіне үлес қосты.

Ашылу салтанатына «Қамқор Локомотив» ЖШС техникалық директоры Жанатбек Адамбаев, «Қамқор магистраль» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Светлана Байқадамова, Арал аудандық мәслихаттың хатшысы Базарбай Төреахметов, Сексеуіл кентінің әкімі Сәкен Құлмағамбетұлы, «Қамқор Локомотив» ЖШС Сексеуіл локомотив жөндеу депосының директоры Мұхтар Кеулімжаев және де мекеме басшылары қатысты.

Арал аудандық мәслихаттың хатшысы Базарбай Төреахметов қайта жұмысын бастап жатқан атаулы мекемені құттықтай отырып, сөз сөйледі:

– Қайырлы күн, барша темір жол қызметкерлері! Баршаңызды алда келе жатқан мерекелеріңізбен құттықтаймын. Енді бүгін көріп отырсыздар осы «Қамқор Локомотив» ЖШС басшылығы осыдан 3-4 жыл бұрын мектеп, ауруханаларға модульдік жылыту қондырғыларын орнатып берген болатын. Сонымен бірге осыдан екі жыл бұрын өздерінің есебінен №231 мектепке 700-ге жуық ағаштар отырғызды. Яғни бұл дегеніміз – Сексеуіл кентін көркейтіп, экологиялық жағдайын жақсартып, көгалдандыру жұмысында үлес қосты. Еліміздің экономикасының күретамыры темір жол десек, сол темір жолда жұмыс істеп жатқан сіздердің еңбектеріңіз орасан зор. Еліміз бойынша осындай 17 темір жол цех болатын болса, соның бірден-бірі осы Сексеуіл кентінде жұмыс істеп жатыр. Сол үшін «Қамқор Локомотив» ЖШС-іне аудан әкімінің және өз атымнан алғыс білдіремін. Еңбектеріңізге береке тілеймін. Жан-жақтарыңыз аман болып, денсаулықтарыңыз мықты болсын,–деп, ізгі лебізін білдірді.

Шара аясында «Қамқор Менеджмент» ЖШС бас директоры Диас Төлеутайұлы, «Қамқор Локомотив» ЖШС бас директоры Алтай Қазисұлы, «Қамқор Локомотив» ЖШС бұрынғы бас директоры Мұхтар Мұхамбетқазинұлы және «Қамқор Локомотив» ЖШС техникалық директоры Жанатбек Адамбаев аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

syrboyi.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: