Сенбі, 20 сәуiр, 05:04

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қазалыда 17 402 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді

03.08.2022

392

0

Биыл Қазалы ауданында 17 402 гектар жерге ауыл дақылдары егілді. Ал басты дақыл күріштің көлемі – 6361 гектарды құрады. Сонымен қатар, аймақтағы су тапшылығына байланысты егін дақылдарын әртараптандыру бағытында егіс көлемі кеңейді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев мәлімдеді.

«Өздеріңіз білетіндей, Сырдария өзеніндегі су тапшылығына байланысты күріштің көлемі қысқартылып, орнына суды аз қажет ететін дақылдардың көлемі ұлғайды. Мәселен, биыл аудандағы егіс алқаптарына жаздық бидай – 14 гектарға, арпа – 48 гектарға, мақсары дақылы – 148 гектарға, картоп – 30 гектарға, бақша дақылдары – 14 гектарға, көкеніс – 70 гектарға, жоңышқа – 53 гектарға егілді. Облыс әкімі Н.Нәлібаевтың арнайы тапсырмасына сәйкес, аудан тұрғындарына бос жатқан жерлерді игеруге және өнім көлемін көбейтуге арнайы 114 гектар жер дайындалды. Бұл жерлер бақша және көкеніс дақылдарын егу үшін 58 отбасыға бөлініп берілді. Сондай-ақ, ауданымызда егіс алқаптарын заманауи технологиялардың көмегімен суару әдісі қолға алынып жатыр. Бұл ретте «РЗА» АҚ шаруа қожалығы облыста алғашқы болып жаңбырлатып суару әдісін қолдану арқылы сүрлемдік жүгерін егуде. Айта кетейін, биыл ауданда 3539,5 тонна өнім түрі бірнеше шет мемлекеттерге экспортталды», – деді Мұхтар Оразбаев.

Қазалы ауданында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында 1 мың дана әлеуметтік нан 36 сауда үйлер мен дүкендерде 75-85 теңгеден сатылуда.

«Ауданда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруда бірқатар жұмыстар атқарылуда. Соның бірі – «Байқоңыр» ӘКК» АҚ-мен айналым схемасы арқылы 20 млн теңгені құрайтын заем алу бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр», – деді Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Әуесұлы.

Тағы да оқыңыз: