Жексенбі, 05 ақпан, 15:07

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Электр жүйелерін жаңғыртуға қаржы қаралатын болды

17.01.2023

8

0

2022 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында облыстың барлық макроэкономикалық көрсеткіштері бойынша өсім қалыптасты. Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібі көлемі-5,6 пайызға, ауыл шаруашылығының жалпы өнімі-1,8 пайызға, инвестициялар тарту-26,8 пайызға, пайдалануға берілген тұрғын үйлер көлемі-3,3 пайызға, құрылыс жұмыстарының көлемі-16,6 пайызға және сауда көлемі- 2,3 пайызға артты.

Бүгін кезекті облыстық мәслихатының сессиясында 2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджетті 6,8 млрд.теңгеге алғашқы нақтылау мәселесі қаралды. Нақтылау барысында облыстық бюджеттің өз кірістерін 3,5 млрд.теңгеге ұлғайту, сондай-ақ бірқатар бюджеттік бағдарлама әкімшілерімен оңтайландырылған 1,5 млрд. теңгені қайта бағыттау жоспарланып отыр. Сонымен қатар, 2023 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша облыстық бюджет қаражаты қалдықтарының қайта бөлуге жататын 1,8 млрд.теңгесі қайта бағытталуда.

Бұл қаражат есебінен «Сыр жастары» Қызылорда облысының жастарына жеңілдетілген ипотекалық несие беру бағдарламасы шеңберінде, өңір жастарын қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету және жас отбасыларды қолдау мақсатында 5 пайыздық мөлшерлемемен 100 отбасыға тұрғын үй сатып алуға несие беруге 1,2 млрд.теңге; ауылдардың әлеуетін арттыру, елді мекендерді көркейту, қолдау мақсатында «Үлгілі елді мекен» іс шарасын өткізу мақсатында жеңімпаз атанған елді мекенді ынталандыру шығындарына 467,4 млн.теңге бағытталмақ.

Айта кетейік, «Сыр жастары» бағдарламасы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев облыстық жастар форумында жариялады. Бағдарламаға 18-35 жас аралығындағы Қызылорда облысында соңғы 2 жылда тіркеуде тұрған Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Жеңілдетілген несие 19 жылға 5% үстемемен «Отбасы банк» арқылы беріледі, қатысушының банкте үйдің бағасының 10% құрайтын салымы болса жеткілікті.Бағдарламаға білім, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет, журналистика саласының мамандары, мемлекеттік және азаматтық қызметшілер, ғылыми қызметкерлер, ұлттық холдингтердің жергілікті филиалдарының, екінші деңгейлі банк қызметкерлері, құрылыс, қоғамдық тамақтану және басқа да қызмет көрсету саласының қызметкерлері мен әлеуметтік қызметкерлер қатыса алады.

Сондай-ақ, Қызылорда қаласы аумағында көппәтерлі және жеке тұрғын үйлер құрылысының дамуын, кәсіпорындар өндірісінің кеңеюін, шағын және орта бизнестің дамуын ескере отырып облыс орталығының тұтынушыларын үздіксіз сапалы электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін электр жүйесін жаңғыртуға және дамытуға 1,6 млрд.теңге жолдау ұсынылды.

Еске салсақ, облыс әкімінің тапсырмасымен өңірдегі электр қуатымен жабдықтау нысандарын тексеру мақсатында комиссия құрылып, бірінші кезекте қаржы талап ететін нысандар бойынша ұсыныс берілген болатын. Комиссия жұмысының нәтижесімен әзірленген ұсыныстар бүгін мәслихат сессиясының қарауына беріліп, кезек күттірмейтін нысандарды жөндеу немесе ауыстыруға қаржы қаралды.

Мұнан бөлек, «Қызылорда су жүйесі» мекемесінің материалды-техникалық базасының төмендігінен облыс орталығын уақытылы санитарлық тазалығын қамтамасыз етуде қиындықтар туындауын ескере отырып халыққа уақытылы және сапалы коммуналдық қызметтер көрсетуге арнайы техника алу үшін 992,8 млн.теңге; Қызылорда қаласында салынатын 7 мың орындық стадион құрылысының жоба-сметалық құжаттамасын әзірлеп, мемлекеттік сараптамадан өткізуге 59,7 млн.теңге; жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын полиция қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларына үстеме ақы төлеуге 368,1 млн.теңге және медициналық ұйымдарды медициналық-техникалық қамтамасыз етуге қосымша 472,1 млн.теңге қарау ұсынылды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: